Ең бастысы– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

«АлЭС» АҚ-да өндірістік жарақаттанудың, кәсіби аурулардың алдын-алу және қызметкерлердің денсаулығын сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Коронавирус жұқпасының таралуын алдын-алу қажеттігіне байланысты еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың жұмысы ерекше маңызды болып отыр. - Салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша белсенді қатысқаны үшін үш техникалық инспектордың жұмысы «АлЭС» кәсіподағы» филиалының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Олар: «Энергожөндеу» ӨЖК 3-ҚЖЖУ аға шебері Астрелин Павел, 3-ЖЭО ЖБ бастығы Тұрсын Шахназар, Қапшағай ГЭС ЭМЦ шебері Үсенов Асылбек. «АлЭС» АҚ техникалық инспекторлардың еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыруы үшін, барлық жағдайды жасайды және қолдайды, -деп атап өтті Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Марат Ақылбай. Техникалық инспекторлардың жұмысын көтермелеу компаниядағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің дамуына ықпал етеді.