Станцияның сенімді жұмыс атқаруы үшін

Жазғы кезеңде 2-ЖЭО қысқы мерзімге сегіз қазан агрегатын, алты турбоагрегатын және электр станциясының қосалқы жабдықтарын дайындау қажет.

Жөндеу науқаны 2020 жылдың наурыз айында басталды. Қазіргі уақытта «Энергожөндеу» ӨЖК қызметкерлерінің күшімен екі ( №1 ст. және №4 ст.) турбоагрегат пен екі қазан агрегатының (№1 ст. және №3 ст.) жөндеу жұмыстары аяқталды, олардың қосалқы жабдықтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Мердігерлік ұйымдар станцияны жарықтандыру желісін, ауа жылытқыштың кубтарын әзірлеу және ауыстыру, төбедегі фронттық экранды және қазанның ширмалық бу қыздырғыштарын ауыстыру секілді жөндеу жұмыстарын жүргізді. - Барлық жөндеу жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде,-деп атап өтті 2-ЖЭО Басқарушы директоры Асқар Шанлақбаев.

Ендігі жоспарда түтін құбырларына темір-бетон газ жолдарын, электр қозғалтқыштар мен бақылау-өлшеу аспаптарын жөндеу, конденсаторлар мен желілік су жылытқыштардың қыздыру беттерін тазалау жөніндегі жұмыстар. Энергетиктердің жылыту аралық кезеңдегі басты міндеті-электр станциясының апатсыз жұмысын және Алматы қаласы мен Алматы өңірінің тұтынушыларын электр және жылу энергиясымен сенімді жабдықтауды қамтамасыз ету үшін алдағы жылыту маусымына сапалы және белгіленген мерзімде дайындалу.