«Алматы электр станциялары» АҚ тұтынушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды 2019 жылдың қорытындысы бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөнінде жария тыңдау нысанында есеп жүргізетіндігін хабарлайды

1. Табиғи монополия субъектісі – «Алматы электр станциялары» Акционерлік қоғамы;
Табиғи монополия субъектісінің орналасқан мекен-жайы – Алматы қ., Достық даңғылы, 7;
2. Есепті өткізетін уақыт – 2020 жылғы 29 мамыр, сағат 16.00-де;
Есепті өткізетін орын – Алматы қ., Сейфуллин даңғылы, 433, 1-ЖЭО өндірістік департаменті (әкімшілік корпусы);
3. Реттеліп көрсетілетін қызметтер түрі – жылу энергиясын өндіру, суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру қызметтері.
COVID-19 карантині әрекет ететін кезеңді ескере отырып, жария тыңдаулар Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерімен жазылған санитарлық нормаларды қатаң түрде сақтай отырып жүргізіледі. Жария тыңдаудың әрбір қатысушысы бетперде тағып, қолғап киіп және бір-бірінен кемінде бір метрден кем болмайтын қашықтықта отырулары керек.