Әлеуеттік жобаға жетелеу

2020 жылдың қаңтарында «Самұрық – Энерго» АҚ Трансформация бағдарламасы шеңберінде іс жүзінде барлық компаниялар тобы өкілдерінің қатысуымен ақпарат күні басталды. Қоғамның Басқарма төрағасы Бақытжан Жоламанов қызметкерлердің ұсыныстары мен идеяларын пайдалана отырып, трансформация жобаларының портфелін қалыптастыру арқылы ЕТҰ жұмысының тиімділігін арттыруға жаңа бағыт берді.

«Самұрық-Энерго» АҚ-дағы Трансформациялау бағдарламасы жобаларының портфелін қалыптастыруға және жаңартуға аталған тәсіл өзгерістерді қажет ететін Холдингтің барлық салаларына объективті талдау жасауға мүмкіндік береді. Трансформация Офисі және цифрландыру офисі қазіргі уақытта еншілес ұйымдарда өткізілген жергілікті ақпарат күнінің нәтижесінде ЕТҰ жіберген ұсыныстарды қарастырады. ЕТҰ қызметкерлеріне Трансформациялау бағдарламасы аясында бизнесті жақсарту мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Нәтижесінде 40-тан астам ұсыныс алынды. Кез келген қызметкер өз компаниясының дамуына үлесін қосып, өтінімді жібере алады. Ол үшін корпоративтік портал арқылы әртүрлі коммуникация арналары қарастырылды start.samruk-energy.kz, корпоративтік пошта This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , телефон желісі +7 (7172) 533102 және WhatsAapp арқылы+7 708 632 07 28  

Ұсыныстар мазмұнына қарай әртүрлі. Цифрландыру офисінің жетекшісі Азамат Мәжынның айтуынша, қызықты ұсыныстар да жеткілікті, мысалы туған күнінде ауысымға шықпау секілді. Немесе әлеуметтік тұрғыдан, кәсіпорында өмірінің серігін тауып отбасы құрған қызметкерлер үшін іс-шаралар өткізу сияқты. Ал мұндай жағдайлар ЕТҰ тарихында аз емес. Бірақ өтінімдердің басым бөлігі, өндірістік процестерді автоматтандыру немесе цифрландыру жөніндегі ұсыныстар болды - дейді Азамат. Олардың ішінде құжат айналымын автоматтандыру, цифрлық мұрағатты, жабдықтар үшін автоматтандырылған жүйелерді енгізу, оқыту үшін виртуалды шындық және т. б. Бұл қызметкерлердің ЕТҰ-ның жаңа заманға аяқ басуына, яғни заманауи үрдісте болуына үлес қосқаны.

«Барлық алынған идеялар бірқатар бастамаларға бөлінген. Олардың өзектілігі мен маңыздылығына алдын-ала талдау жүргізілгеннен кейін, тізім 42 ұсыныстан 25-ке дейін қысқартылды. Олар іс - шараларға немесе жобаларға қайта енгізіліп, жаңа портфельге енуі мүмкін», - деп атап өтті Азамат Мәжын. Қазіргі уақытта Трансформациялау офисі және цифрландыру офисі ұсыныстарды одан әрі егжей-тегжейлі талдау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Анықтама: «Самұрық-Энерго» АҚ «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «АЛЭС» АҚ, «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС, «Екібастұз 2-МАЭС» АҚ,»Богатырь Көмір» ЖШС-дан келіп түскен ұсыныстарды талдайды