Туған күніңізбен, ардақты ардагер!

2020 жылғы 24 сәуір күні 3-ЖЭО жұмыскерлері Заяц  Василий Матвеевичті туған күнімен құттықтады.

- Жыл сайын осы көктемнің шуақты күні біздің ардагерімізді туған күнімен құттықтаймыз! Бұл игі дәстүрге айналды. Өкінішке орай, Ұлы Отан соғысының ардагерлері саны жыл сайын арамыздан азайып келеді. Сондықтан біз Василий Матвеевичке барынша көңіл бөліп, көмек көрсетуге тырысамыз. Биылғы жылы қазіргі елімізде болып жатқан жағдайға байланысты, біз дастархан басында отыра алмадық. Бірақ келесі жылы міндетті түрде біз мұны жүзеге асырамыз деп сенеміз. Ең бастысы біздің ардагерге денсаулық және ұзақ өмір тілейміз, - деді 3-ЖЭО Басқарушы директорының орынбасары Марат Әмір.

Өзінің үлкен жасына қарамастан, ардагер оның жұбайы қонақтарды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Өзінің 94 жылдығы күні Василий Матвеевич ерекше көңілді, әрі бақытты болып жүрді. Өйткені қарт адамдарға қамқорлық пен назар қажет.

Ардагерге құттықтау мен сыйлық табыс етілді.