Ағаш отырғызу да сауапты іс

Қапшағай ГЭС-те былтыр отырғызылған алма ағаштары гүлдеді

Жақсы іс - жанды жадыратады. 2019 жылдың сәуір айында Қапшағай ГЭС жұмыскерлері 100 тал алма ағашын отырғызды.

- Бірлескен еңбек –жемісін береді демекші, жыл сайын біздің лимон бағымыз лимондар өнімімен қуантады. Өткен жылдың көктемінде біз жақсы дәстүрді жалғастырып, станциямызды көгалдандыру мен абаттандыруға өз үлесімізді қосу үшін алма саяжолын отырғыздық. Бүгін бізді гүлденген көшеттер қуантты. Бұл біздің ортақ күш - жігеріміз бен қамқорлығымыздың нәтижесі, - деді Қапшағай ГЭС Басқарушы директоры Бақдәулет Устенов.

Әрбір көшет бір жылда жерге орнығады. Станция жұмыскерлері болашақта алма саяжолының өз өнімімен қуантады деп сенеді. Қапшағай ГЭС-де осы игі дәстүрді жалғастыру туралы шешім қабылданды.