Құрметті демалысқа шығарып салу

Ағымдағы жылдың сәуір айында энергетика саласында еңбегі зор БЖК жұмыскері Смирнов Владимир Алексеевич зейнетке шығады.

Қырық жылдан астам біздің департаментте  кәсіби маман еңбек етті. Қазандықтың машинисі болып бастаған, бүгінгі таңда ең жауапты лауазым – БЖК ауысым бастығы лауазымынан құрметті демалысқа кетеді.

Бас инженердің орынбасары Сергей Попов Владимир Алексеевич туралы былай деді: «Ол өзінің бүкіл еңбек өмірін Батыс жылу кешеніне арнады, бұл жер оған өте ыстық. Терең білім мен үлкен тәжірибе Алматы қаласын жылумен жабдықтауды ұйымдастыру кезінде күрделі мәселелерде дұрыс шешім қабылдауға, апатты жағдайлардан шығуға көмектеседі. Ардагер-энергетик өзінің тәжірибесімен жас мамандармен бөлісе отырып, оның кеңестеріне ауысым бастықтары мен БЖК басшылығы да құлақ асатын. Владимир Алексеевич өндіріс үшін барлық жанын салып, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қабылдауға қатысады. Владимир Алексеевич құрметті демалысқа кетер алдында, 15 жыл бойғы өз жұмысының барлық қыр-сырын үйрете отырып, лайықты ізбасарлар дайындады. Мен Владимир Алексеевичке біздің ұжымның атынан – зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін. Біз сізді әрқашан қуанышпен қарсы аламыз».

- Мен БЖК-ға 20 жасымда келдім. 23 жыл менің тәлімгерім Владимир Алексеевич болды. Онымен жұмыс істей отырып, мен өз ісімді шын мәнінде сүю, өз-өзіме жауапкершілік алу, жабдықтармен де, адамдармен де жұмыс істеу қажеттілігін меңгердім, - деп атап өтті В.А.Смирновтың шәкірті Максим Иванцов. - Менің осындай тәлімгермен жолым болды!

- Владимир Алексеевич өзінің еңбек жолы туралы:

- 1976 жылы Гурьев ЖЭО-да, содан кейін Новокузнецк ЖЭО-да Сібірде біраз жұмыс істедім. Содан кейін Кеңес Армиясында қызмет еттім. Ал кейін досымның ұсынысы бойынша БЖК-ға келдім. Міне, менің бүкіл өмірім. Мен өмірім жұмыспен өткен секілді, тіптен уақыттың қалай тез өткенін де байқамаппын.

Осылай Владимир Алексеевич өзінің еңбек жолын жай ғана сипаттады, себебі ол кісінің болмысы да сондай өте қарапайым, еңбек етумен қатар, жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарап, өз ісін және ұжымын жоғары бағалайтын жан.

Нағыз мамандарды құрмет демалысына қимастықпен, сонымен қатар шексіз алғыс пен құрметпен шығарып саламыз. Владимир Алексеевич біз сізді құрмет тұтамыз! Құрметпен, БЖК ұжымы!