«АлЭС» АҚ жылыту маусымы сәтті өтті

2019-2020 жылыту маусымы Алматы қаласы әкімдігінің №2/124 қаулысына сәйкес 2020 жылдың 22 сәуірінде аяқталды. Жылу беру ауа райының жылынуына байланысты тоқтатылады.

- Қала мен Алматы өңірінің тұтынушыларының жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етілуі, жалпы жылыту маусымының сәтті өткенінің дәлелі, - деп атап өтті «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов. - Осы кезең ішінде «Алматы электр станциялары» АҚ 3,4 млрд. кВ /сағ электр энергиясын және 4,4 млн Гкал жылу энергиясын өндіре отырып, тұтынушылар алдындағы шарттық міндеттемелерді толық көлемде орындады.

«АлЭС» АҚ негізгі және қосалқы жабдықтарды қайта құру бойынша жобаларды іске асыра отырып, жөндеу науқанын бастайды.

«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қаласы мен Алматы өңірінің негізгі энергия көзі болып табылады және орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағының шамамен 76%-н және электр энергиясының 60%-н қамтамасыз етеді. «АлЭС» АҚ құрамына: 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, Батыс жылу кешені, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС, «Энергожөндеу» Өндірістік-жөндеу кәсіпорны, ОҚТО кіреді.

Анықтама: Егер жылу беру орталықтандырылған жүйе арқылы жүзеге асырылса, жыл сайын жылыту маусымы сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы Цельсий шкаласы бойынша +8 градустан төмен болғанда, бес күн қатарынан жұмыс атқарады. Сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы осы белгіден бес күн бойы жоғары болған кезде жылыту кезеңі аяқталады. Жылыту маусымының мерзімін Алматы қаласының әкімдігі бекітеді.