Біз сіз үшін жұмыстамыз!

«АлЭС» АҚ энергетиктері жалпы әлемдік флешмобқа қосылды, оған алдымен дәрігерлер, содан кейін тіршілікті қамтамасыз ететін барлық құрылымдардың қызметкерлері де қатысты.

АлЭС штаттық режимде жұмыс атқаруда. Өйткені, компания жұмысы ауруханалардың, азық-түлік дүкендерінің, дәріханалардың, қала тұрғындарының пәтерлері және т.б. энергия және жылумен жабдықталуына тікелей байланысты. АлЭС жұмыскерлері өз еңбектерінің үлкен жауапкершілігін сезінеді.

Осы аптада өзін-өзі қорғану режимін сақтау үшін үйде қалатын адамдарға да жауапкершілік жүктелуде. Қала тұрғындарының міндеті-инфекцияның таралуын болдырмау бойынша барлық ұсыныстарды орындау және өз тұрғын үй-жайларынан аса қажетсіз кетпеу.

Халық болып, ел болып, жұмыла бірігіп індетті жеңеміз және өмір қалыпты арнасына оралады. Мен үшін үйде болыңыз!