АлЭС-те коронавирус жұқпасының алдын-алу және болдырмау шаралары күшейтілді

Қазіргі таңда «АлЭС» АҚ жұмыскерлері арасында коронавирус жұқпасының бірден-бір жағдайы тіркелген жоқ. АлЭС Алматы қаласы мен Алматы өңірін жарық пен жылумен қамтамасыз етудегі жауапкершілігін біле отырып, коронавирус жұқпасының алдын-алу және болдырмау мақсатында шараларды күшейтеді.

   

АлЭС-те төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша жедел ден қою штабы құрылды. Компанияда эпидемиологиялық жағдайды бақылау және инфекцияға жол бермеу бойынша жедел іс-шаралар өткізу үшін штабтың күн сайынғы онлайн кеңестері өткізілуде.

   

Барлық жұмыскерлермен жұқтыру қаупін төмендетуге бағытталған ақпараттық жұмыс жүргізіледі.

Жұмыскерлерді жеке қорғау бойынша күшейтілген шаралар қабылданды - медициналық маскалар, антисептикалық құралдар, қолғаптар және басқа да қажетті қорғаныс құралдары сатып алынды. Жұмыс орындарын санитарлық өңдеу өткізу ұйымдастырылды. Энергия объектілеріне кірген кезде байланыссыз тәсілмен температура өлшенеді.

   

Жұқпаның алдын-алу және болдырмау мақсатында АлЭС жұмыскерлерінің бір бөлігі қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстырылды.