Энергетиктер аяулы жандарды халықаралық 8-Наурыз әйелдер мерекесімен құттықтады

АлЭС-те 632 әйел адамдар еңбек етуде

Мереке қарсаңында АлЭС ер азаматтары әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Барлық департаменттерде нәзік жандыларды жағымды тосын сый күтті. Оларды мерекелік әуенмен қарсы алып, Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, ал ер азаматтар — департамент жұмыскерлері барлық әйелдерге гүл шоқтарын табыс етті .

Компанияның барлық ер азаматтардың атынан және жеке өзінің атынан Нұрлан Тауфикұлы еңбек ұжымының барлық әйелдер қауымын құттықтады:

- Бұл Халықаралық әйелдер күнінің сиқыры жыл сайын наурыз айының басында басталады. Аяулы жандарымыз жұмысқа көтеріңкі көңілмен келіп, өздерінің қуанышты жүздерімен ортамызды жайнатып жібереді. Біздің құрметті әйелдер қауымы, әріптес-ер азаматтардан қалыспай бір ұжымда тапжылмай еңбек етіп, энергетикаға жан жылулығымен, мейірім шапағатын сыйлап жүрген жандар. «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді», демекші, АлЭС компаниясының қол жеткізген үлкен жетістіктері де , осы нәзік жандардың еңбегі.

Мерекенің бас қонақтары - әйелдер үшін ер азаматтарымыз мерекелік дастархан жайып, шағын қойылым дайындады. Дәстүр бойынша мерекеге ардагерлер әйелдер шақырылды.

АлЭС-те 632 әйел еңбек етеді , оның ішінде тікелей өндірісте 267 адам жұмыс істейді.