АлЭС Samruk Business Forum 2020-ға қатысты

Компания импортты алмастыру үшін тарту-үрлеу машиналар мен диірмен жабдықтарының «мойынтірек» тауарының позициясын ұсынды.

 

2020 жыл «Самұрық-Қазына» Қорында Отандық тауар өндірушілерді қолдау жылы деп жарияланды. Осыған байланысты 2020 жылдың ақпан айының соңында Нұр-сұлтан қаласында алғашқы Samruk Business Forum 2020 өтті. Шараға 900-ге жуық адам қатысты.АлЭС-тің атынан Басқарма Төрағасы Нұрлан Мухамед-Рахимов, Қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор Сырым Әбілғазиев, Пайдалану басқармасының бастығы Алексей Скрябин, Материалдық-техникалық жабдықтау және қызмет көрсету басқармасының бастығы Данияр Сәлімбаев, Сатып алу басқармасының бастығы Ертүрк Чакмак қатысты.

- Біздің компания Отандық тауар өндірушілерді қолдау аясында импортты алмастыру үшін «мойынтірек» тауар позициясын ұсынды. Оқыту сессиясында біз сатып алу қызметінің жаңа стандартымен, категориялық сатып алу басқармасымен таныстық. В2В форматында бизнес өкілдері, Тапсырыс беруші және «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС өкілдері арасында пайдалы диалог өтті» - деп атап өтті Алексей Скрябин.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ соңғы жылдары өнеркәсіптің өңдеуші секторын дамытуға үлкен көңіл бөледі. Отандық өндірушілер қорын қолдаудың негізгі және пәрменді тетіктерінің бірі отандық өндірушілерге бұрынырақ тиімді шарттарда шарт жасасуға мүмкіндік беретін импортты алмастыруға және санаттылық стратегиялар арқылы сатып алуға бағытталған оффтейк-шарттар жасасу практикасы болып табылады.

 

 

 

1«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ соңғы жылдары өнеркәсіптің өңдеуші секторын дамытуға үлкен көңіл бөледі. Отандық өндірушілер қорын қолдаудың негізгі және пәрменді тетіктерінің бірі отандық өндірушілерге бұрынырақ тиімді шарттарда шарт жасасуға мүмкіндік беретін импортты алмастыруға және санаттылық стратегиялар арқылы сатып алуға бағытталған оффтейк-шарттар жасасу практикасы болып табылады.