Компания басшылығының еңбек ұжымымен кездесуі

«АлЭС» АҚ-да 2019 жылғы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы жұмыс қорытындылары туралы есептік жиналыс өтті

Компанияда 2020 жылғы ақпан айының 11-і мен 14-і аралығында еңбек ұжымдарында жиналыс өтті.«Алматы электр станциялары» АҚ-ның 2019 жылғы қызметінің қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттер туралы жұмыскерлер алдында Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов, Өндіріс жөніндегі басқарушы директор – Бас инженер Ғазий Исмұхамбетов сөз сөйледі.

Н.Мухамед-Рахимов корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік туралы сегізінші жыл есеп беріп келе жатқанын атап өтті. 2019 жылы Компания электр энергияны өндіру жоспарын 100,6% - ға және жылу беру жоспарын 99% - ға орындады.

2019 жылғы 1 маусымнан бастап компанияда «АлЭС» АҚ – ның 2019-2022 жылдарға арналған Ұжымдық шарты қайта жасалды. Жұмыстағы басты артықшылықтардың бірі кәсіби оқыту болып табылады. 2019 жылы 2 871 адам оқыды.2007 жылдан бастап «АлЭС» АҚ қаражаты есебінен «Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ-да және «Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі» МКҚК-да 187 жұмыскер оқытылды. Сондай-ақ жиналыста жыл сайын Компанияда құрылымдық бөлімшелер басшыларының құрамы жаңартылатыны айтылды. 2019 жылы кадрлық резерв қатарынан 32 жұмыскер тағайындалды.

Компанияның әлеуметтік тұрақтылық индексінің деңгейі 71%-і, персоналдың тартылу индексінің деңгейі-71%-і құрайды.

Қоршаған ортаны қорғау және энергия үнемдеу қосқан үлесі үшін Компания өзінің қызметін тұрақты дамып, жауапкершілігін сезіне отырып жүзеге асырады.

Жиналыста корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламаларын орындау жөніндегі қызметтің қорытындылары ұсынылды.Компанияның қызметі ашық және айқын. 2019 жылы 400-ден астам имидждік материалдар жарияланды.

     .

Басқарма Төрағасы жұмыскерлерді 2020 жылы «Алматы электр станциялары» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласында тұрақты дамуын жалғастыратынын айтты.