2-ЖЭО ЖАҢҒЫРТЫЛҒАННАН КЕЙІН СТАНЦИЯНЫҢ АТМОСФЕРАҒА ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ мөлшері 94%- ҒА ҚЫСҚАРАДЫ

Алматы қалалық ЖЭО шығарындылары екі жылда 26% – ға-50-ден 37 мың тоннаға дейін төмендеді. Бұл туралы «Алматы электр станциялары» АҚ («АлЭС») компаниясының Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Рамиль Галиев айтты.

«АлЭС» 2007 жылдан бастап 2012 жылға дейін қаланың атмосфералық ауасына жүктемені төмендету үшін ЖЭО-ның барлық қазан агрегаттарын қайта жаңартуды жүргізді. Шығарындыларды тазарту деңгейі шамамен 100% құрады. Жанарғы құрылғылары жаңғыртылып, 2017 жылдан бастап 1-ЖЭО толығымен газға көшірілді. Қалалық ЖЭО жиынтық шығарындылары 26% – ға төмендеді – 2007 жылғы 50 мың тоннадан 2019 жылы 37 мың тоннаға дейін», - деп атап өтті Рамиль Галиев.

Оның айтуынша, 2-ЖЭО-ні газға ауыстырудың алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді, онда жобаны іске асырудың бірнеше нұсқалары ұсынылған. 2-ЖЭО жаңғырту бойынша күрделі шығындар ұсынылатын жобалардың қайсысы таңдалатынына байланысты 100-ден 560 млрд теңгеге дейінгі сомаға бағаланды.

«Жобалар қымбат, таңдалған нұсқаға байланысты 2020-2029 жылдарға іске асыру мерзімі бар. Мәселені тек «АлЭС» немесе «Самұрық-Энерго» күшімен шешу мүмкін емес, сондықтан да мұнымен Әкімдік пен Үкімет деңгейінде айналысады. Сондай-ақ, 2-ЖЭО  жаңғырту нұсқасын таңдауға қарамастан, жобаны іске асыру электр энергиясы мен жылу тарифінің айтарлықтай артуына алып келетінін түсіну керек», - деп атап өтті Рамиль Галиев.