Цифрлық шешімдер жолында

«Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық күн аясында Трансформация бағдарламасының бірқатар жобаларының салтанатты аяқталуы өткізілді. Жобаның жұмысына жұмылдырылған холдингтің ЕТҰ жұмыскерлері атап өтілді. Олардың ішінде АлЭС АҚ-ның 4 жұмыскері бар.

Нұр-сұлтан қаласында «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамында «Цифрлық шешімдер жолында» – атты ұранымен Ақпараттық күні өтті. Іс-шараға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Цифрлық трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев, электр энергетикалық холдингтің еншілес компанияларының басшылары, серіктестер мен стейкхолдерлер қатысты.

«Ақпараттық күн барысында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жоба командалары Цифрлық трансформация бағдарламасы саласындағы өздерінің жетістіктрі мен жаңалықтарын ортаға салды. Мамандардың айтуынша, Компанияның көптеген жобалары сәттілікпен аяқталып, іс жүзінде қолданылып келеді және бүгінгі күнде пайда әкелуде. Атап айтқанда, «Ақпараттық технологиялардың жаңа моделін енгізу», «Сатып алуларды санатымен басқару», «Сату процестерін дамыту және тейдинг процестерін енгізу» деп аталатын жобалар іске асырылды.

- «Цифрлық шешімдер жолында» ақпараттық күнінде біз Цифрлық трансформация бағдарламасы жобасының тиімділігі мен нәтижесін, атап айтқанда «Сатып алуларды санатымен басқару» жобалық командасын білдік. Бізді цифрлық өнімнің әлемдік трендтер туралы ақпаратпен, өндірістің тиімділігін арттыру арналған бизнес-идеялармен таныстырды. Мұндай идеяларға міндетті түрде сыйақы берілетінін ерекше атап өтті, - Өнеркәсіп қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы Жанар Шекеева.

«Сатып алуларды санатымен басқару» Трансформация жобасында «АлЭС» АҚ жұмыскерлері алғыс хаттармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды: Өндіріс жөніндегі басқарушы директор - Бас инженер Г.Ж.Исмухамбетов, Материалдық-техникалық жабдықтау және қызмет көрсету басқармасы материалдар бөлімінің бастығы А.Б.Шайхазимов, МТЖжҚБ отынды жеткізу бөлімінің бастығы Р.А.Килибаев, Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы Ж.А.Шекеева, Әдіснама және трансформация бөлімінің бастығы В.К.Ким. «Мен жоба командаларының барлық мүшелеріне жоғары кәсібилігі, компанияның тиімділігін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтамын», - деп «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов жоба командаларына жылы лебізін білдірді.

2018-2019 жылдар аралығында Жобалар портфелі оперативтік деректер бойынша 15 миллиард теңгеден астам таза пайда әкелген.