АлЭС: тәлімгерлер тәжірибесімен болашаққа нық қадам басу

«Жас өркен» жобасының қатысушысы Жүнісов Данияр 1-ЖЭО-да ротациядан өтті.

- Желтоқсан айында 1-ЖЭО-да тәжірибем аяқталды, - деп бөлісті Жүнісов Данияр. - Бес айлық тәжірибетез арада өтті. Станция ұжымына ризашылығым шексіз. Бұл өте керемет, әрдайым қол ұшын беруге дайын, нағыз кәсіби мамандар.Осы уақыт аралығында мен алдағы өмірде қолдануға болатын көптеген практикалық тәжірибе алдым.Тамыз айында станцияға келгенде, менің тәлімгерім, электр цехының бастығы Дінмұхамед Бурамбайұлы Аймұратовпен ротациядан өту жоспарын әзірледік.

Менің тәлімгерім, өзімнің ағам болды. Мен электр цехында, «Басты схема» бөлімшесінде, релелік қорғаныс және автоматика қызметінде еңбек еттім. Білімім бойынша энергетик болғандықтан, осы қызметке алғанына қуандым, себебі релейшілер энергетика саласының бетке ұстар мамандары болып саналады. Біз электр қорғанысы мен станцияның автоматикасын дұрыс пайдалануға жауап бердік.Мен технологиялық процестің қыр-сырларын біліп, жақынырақ таныстым. Ротациядан өтуді қорытындылай отырып, өте нәтижелі өтті деген сеніммен айта аламын. Біріншіден, мен үшін бұл үлкен тәжірибе,екіншіден, ұзақ жылдар бойы жақсы дос болып қалатын жаңа адамдармен таныстым!

Естеріңізге сала кетейік, Данияр Жүнісовтың 1-ЖЭО-де тағылымдамадан өту 5 айға бекітілген, «Жас Өркен» жас мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламасы 20 айға есептелген. Бағдарлама «Самұрық-Қазына» қорының компанияларында жұмыс істеу үшін үздік және талантты түлектерді жұмылдыру.

Бұл тек жұмыс орнында оқыту ғана емес, сонымен қатар кәсіби көзқарастары мен белсенді азаматтық ұстанымы бар жастарды дамыту және жылжыту құралы.2019 жылы «Жас Өркен 2019» бағдарламасына қатысуға 4,5 мыңға жуық өтініш түсті..