2019 жылғы 20 желтоқсанда «АлЭС» АҚ-да 2019 жылдың қорытындысы бойынша үздік жұмыскерлерді марапаттау рәсімі өтті.Басқарма Төрағасы Нұрлан Мухамед-Рахимов жиналғандарға арнаған сөзінде «АлЭС» АҚ ұжымын кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтап, еңбекқорлығы мен жұмысқа жауапты көзқарасы үшін алғысын білдірді.Энергетика күніне орай «АлЭС» АҚ-ның 96 жұмыскері марапатталды.
Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен Каскад ГЭС Басқарушы директоры Бисембек Сабырқұловтың еңбегі атап өтілді. «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Энергия» кәсіподағының төрағасы Валерий Ситдиков марапатталды.
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Электр энергетикалық Кеңесінің Еңбек сіңірген энергетигі» құрметті атағын техникалық басқарма бастығы Қ.Керімқұлов, «Еңбегі сіңген энергетик» құрметті атағын алды.«Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» диспетчерлік басқару диспетчерлік қызметінің аға диспетчері О.Малышкин, 2-ЖЭО жылу автоматикасы және өлшеу цехының бастығы С.Тағатов, 3-ЖЭО бас инженерінің орынбасары С.Бармин,«Энергожөндеу» ӨЖК бас инженерінің орынбасары И.Глушков ие болды.
ҚР Энергетика Министрлігінің алғыс хаттарымен 2-ЖЭО қазандық цехы бастығының орынбасары Е.Талканов және 2-ЖЭО турбиналық цехының өндірістік учаскесінің аға шебері А.Макаровты атап өтті.
2-ЖЭО электр цехы бастығының орынбасары Е.Чапайұлы 2-ЖЭО турбина цехының бастығы Д.Шахибасов және 2-ЖЭО қазандық жабдықтарды жөндеу учаскесінің шебері И.Билецкий, «Энергожөндеу» ӨЖК 1-ЖЭО қазандық жабдықтарды жөндеу учаскесінің бастығы А.Ляцер «Құрметті энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» атағына ие болды.
«KAZENERGY» Қауымдастығының медалін «Энергожөндеу» ӨЖК 2-ЖЭО турбиналық жабдықтарды жөндеу учаскесінің бастығы В.Регер алды.
Компания жұмыскерлері «KAZENERGY» Қауымдастығының, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорының, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ-ның Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына ие болды.