Құрмет тақтасы

Энергетика күніне орай жыл сайын Құрмет тақтасына ілініп, компанияның еңбек сіңірген жұмыскерлерінің есімдері анықталады. Олардың еңбегі әріптестермен, еңбек сіңірген ардагерлердің құрметіне ие болып, жастарға үлгі болып келеді. Компанияның 2019 жылғы жұмысының қорытындысы бойынша «АлЭС» АҚ ұжымының арасында өз кәсібініңүздігі деп танылды:

Ёлкин Александр Михайлович – 1-ЖЭО Электр станциясының ауысым бастығы.

Мен өзімнің еңбек жолымды 1-ЖЭО цехында 1992 жылы бастадым.Менің бақытыма тату және ұйымшыл ұжымға тап болдым, кейін тіптен екінші отбасыма айналды.

Мен В.А.Овчинников, Н.Лавров, Н.Демидов сияқты ұстаздарыма және тәлімгерлеріме алғысымды айтамын. Бұл тамаша адамдар маған сенім артып, кәсіби тәжірибемен бөлісіп, энергетикаға деген адалдық пен сүйіспеншілікті дарытты.

Осы орайда, қатарласа Алматы энергетикалық институтының дипломын қолыма алдым. Турбиналық цехта жұмыс жасап, үлкен тәжірибе жинадым. №8 турбинаның машинисі, ОЖҚ машинисі, аға машинист, ЖЦ ауысым бастығы болып жұмыс істедім.

2008 жылдан бастап электр станциясының ауысым бастығы лауазымын атқарамын. Мен өз жұмысымды өте жақсы көремін және бағалаймын. Адамдардың маңызды және шын мәнінде қажетті іске қатыстылығын сезіну, өз дағдылары мен білімін үнемі жетілдіруге, кәсіби дайындық деңгейін арттыруға мәжбүр етеді. Біздің жұмысымыздың үздіксіз, әрі апатсыз болу үшін, нақты және жедел шешім қабылдаудың бірден-бір себебі!

Құрметті әріптестер, Сіздерді Энергетиктер күнімен құттықтаймын! Әр отбасымыз жылулық пен жарық күндеріміз көп болсын! Шаңырақтарыңыз қуаныш пен бақытқа толы болсын! Баршаңызға жаңа жылда жаңа табыс пен қажымас қайрат тілеймін!

 

Дойлидо Эдуард Владимирович – 2-ЖЭО пайдалану тобының электр станция ауысым бастығы.

Өзінің еңбек жолын 1979 жылдан бастап жазғы демалыс кезінде орта мектеп кезінде 15 жастан бастап қоймада жұмысшы, «Средазремэнерго» өндірістік бірлестігінде 1-4 разрядтағы машина цехтарының жабдықтарын жөндеу бойынша слесарі болып бастады.Алматы 2-ЖЭО-да 1988 жылдан бастап турбина цехының біліктілігі 4 топтағы электр станциясының жабдықтарына қызмет көрсету бойынша слесарі болып жұмыс істей бастады.ТЦ кезекші слесарінен электр станциясының ауысым бастығына дейін көтерілген.А.Кузнецов, А.К.Пантелеев, В.И.Развецкийдің және т.б. тәлімгерлердің жетекшілігімен құрал-жабдықтарды, өндіріс технологиясын, жұмыс тәсілдерін зерттеді.Қазір біздің жас буынға энергетикалық жабдықтарды жинақтау, оны іске қосу және пайдалану бойынша көп жылдық тәжірибемізбенбөлісеміз.

Сіздерді Энергетиктер күнімен және келе жатқан Жаңа 2020 жылмен құттықтаймын. Біздің қиын, әрі маңызды еңбекте табыс тілеймін! Туған-туысқандарыңызға, жақындарыңызға денсаулық және амандық тілеймін!

Сулейменова Индира Толеугалымовна, 3-ЖЭО химиялық цехының бастығы.

Энергетикада кездейсоқ адамдар болмайды. Міне, мен де ерекше емеспін. Мен университетті бітіргеннен кейін,өзіме лайықты жұмыс іздеуге аттандым.Барлық жас мамандар сияқты мендеалған білімімді тәжірибеде көрсетуге асықтым.Қызметімнің басында химия цехының зертханашысы, зертхана технигі, инженер-технолог болып жұмыс істедім.2011 жылдан бастап 3-ЖЭО Өндірістік департаментінің химиялық цехының бастығы лауазымын атқарамын.Мен бақытты адаммын, сүйікті жұмысым мен кәсіби ұжымым бар. Біздің жұмысымызда ең қиын жағдайда, негізді шешімдерді жедел қабылдау шеберлігі мен кәсібилік бағаланады.Әрине, тәжірибелі тәлімгердің көмегінсіз мен өз мақсатыма жете алмас едім.Көп жылдар бойы маған күш-жігер беріп, ақыл-кеңестерімен алға салып келген Е.В.Хорьковке, Г.Р.Жаманбалановаға, М.Д.Кожевниковаға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Осы кісілердің қолдауымен, қазіргі таңдаөзіме деген сенімділік пен кәсіби дағдыларғаие болдым.

Құрметті әріптестер, Сіздерді келе жатқан энергетиктер күнімен және жаңа 2020 жылымен құттықтаймын! Баршаңызғаәрбір атқан таң асыл еңбегіңіз үшін алғыс пен ризашылыққа толы болсын! Барлық энергетиктерге апатсыз жұмыс, отбастарыңызға береке, туған-туысқандарыңыз бен жақындарыңызға денсаулық тілеймін!

Ерошкин Игорь Владимирович– «Энергожөндеу» ӨЖК 3-ЭЖЖЦ қазандық жабдықтарды жөндеу учаскесінің шебері.

Еще в школе меня тянуло к техническим наукам, поэтому по окончанию я поступил в Алматинскийэнергостоительный техникум по специальности «Монтаж теплоэнергетического оборудования ЭС», внутренний голос подсказал мне, что энергетика – именно та профессия, с которой я хотел бы связать свою жизнь.

Свой трудовой путь я начал более 30 лет назад с должности рядового слесаря. С 1994 года и по настоящее время тружусь мастером участка по ремонту вспомогательного котельного оборудования.

Работа у нас не из легких. Но не смотря на трудности, мне нравится выбранная специальность, ведь настоящим профессионалом можно стать, только полюбив сове дело.

Энергетики – это люди, объединенные одной целью – нести людям тепло и свет. И эта прекрасная миссия делает профессию энергетика романтичной, величественной и очень ответственной. Я горжусь тем, что я энергетик!

Для меня большая честь представлять наш департамент на доске почета АО «АлЭС».Хочу от души поздравить всех работников компании с нашим любимым праздником - Днем Энергетика! Пусть наша компания процветает и вызывает чувство гордости в каждом сотруднике!

Амангелді Азамат Амангелдіұлы, Каскад ГЭС Электр машина цехының пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі жетекші инженер.

Өзінің еңбек жолын АЭИ (Алматы энергетика институты) бітіргеннен кейін, энергетиктер отбасылық әулетінің жалғасы ретінде, Талдықорған облыстық электр желілері кәсіпорында инженер-электригі болып бастады.ӘкемНұржігітов Амангелді Женсебайұлы «Қазэлектросетьстрой» Талдықорған ПМК бас инженері болған, сол кісінің кеңесі бойынша мен энергетика мамандығын таңдадым. Жұмыс барысында барлық қоғамға қажетті нәтижелердің, алдымызға қойылған, сапалы жұмысымыздың маңыздылығына көз жеткіздім.Білімі мен тәжірибесі балаларына дарыған, сол себептен ұлының болашақ мамандықты таңдауы анық болды, бүгінгі таңда ол Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік Электр техникалық университетінің студенті.Каскад ГЭС-ке 2014 жылы келдім, қазіргі таңда электр машина цехының ЭКЖП тобының жабдықтарын пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі жетекші инженер болып, тәжірибелі басшы Киселев Сергей Васильевич қарамағында жұмыс істеймін.Қауіпті өндірісте жұмыс істей отырып, жұмыскерлердің техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау, апаттылықты төмендету, ГЭС станцияларында жарақаттануды болдырмаудың қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіздім.Біздің кәсіпорында Каскад ГЭС жұмыскерлерінің еңбекті қорғау туралы заңдардың сақталуын қадағалайтын, қоғамдық бақылауды жүзеге асырушы, еңбекті қорғау техникалық инспекторымын.Ұжым мен Каскад ГЭС ЕҚЖК жұмысының арқасында 2019 жылы «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттері арасында еңбекті қорғау бойынша жұмысты үздік ұйымдастыру» атағына ие болдым.

Құрметті әріптестер, Сіздерді келе жатқан жаңа 2020 жылмен құттықтаймын! Барлық энергетиктерге апатсыз жұмыс, отбастарыңызға береке, туған-туысқандарыңыз бен жақындарыңызға денсаулық тілеймін!Біз сіздермен үлкен өзгерістердің күрделі кезеңінде еңбек етудеміз,біз елдің энергетикалық жүйесінің дамуына тікелей қатыстымыз. Жылдар бойы атадан балаға берілген тәжірибеміз, біліміміз, сондай-ақ жастардың энергиясы кез келген, тіпті ең күрделі, алдымызға қойылған мақсаттарға қол жеткізетінімге кәміл сенемін! Мерекелеріңізбен! Жаңа жетістіктер мен алға қойған мақсаттарыңызға жете беріңіздер!

Вандаев Сергей Алексеевич – Қапшағай ГЭС электр машина цехы гидромеханикалық учаскесінің шебері.

Энергетикадағы еңбек жолын 1977 жылы әкемнің ізімен бастадым.Көптеген одақтас республикалар мен шет елдердің ГЭС құрылысына қатыстым, осының арқасында мен гидроагрегаттар мен басқа да жабдықтарды монтаждау және жөндеу бойынша өз білімімді және тәжірибемді арттырдым.2012 жылғы қаңтарда Қапшағай ГЭС-не 6 разрядтағы гидротурбиналық жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарь лауазымына қабылдандым. 2019 жылдың маусым айынан бастап, қазіргі уақытта учаскесінің электр машина цехының(гидромеханикалық) өндіріс учаскесінің шебері болып еңбек етудемін.Мен Қапшағай ГЭС-де жұмыс істеп жатқанымды, өзімнің ұжымымды мақтан тұтамын. Бар тәжірибемді жас буындармен қуана бөлісемін.

Әріптестер!Біздің кәсіби мерекеміз – Энергетиктер күні қарсаңында, сіздердің кәсіби және мансаптық жоспарларыңыздың, ойларыңыздың, армандарыңыздың жүзеге асырылуына тілектеспін. Сіздерге сәттілік пен амандық тілеймін!

Бондарева Елена Степановна – Батыс жылу кешені логистика бөлімінің бастығы.

Мен үшін «АлЭС» АҚ Құрмет тақтасында біздің департаментімізді таныстыру үлкен құрмет. Еңбек жолымды1994 жылы Батыс жылу кешенінде қазандық цехыныңтехнигі болып бастадым.2008 жылдан бастап сатып алу бөліміне экономист болып ауыстырылдым, ал 2011 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін логистика бөлімінің бастығы болып жұмыс істеймін.

Мен өзімнің БЖК ұжымыма ұйымшылдығы, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынасы үшін ризамын. Бізді өз ісіне деген сүйіспеншілік пен құрмет біріктіреді.Адамдарда жоғары бағалайтыным, адалдық, қарапайымдылық. Өз кәсібінде табысты болу үшін терең білім, кәсіби тәжірибе, жауапкершілік, шешім қабылдауда жеделдік, коммуникабельділік, ұйымдастырушылық қабілеттер қажет.

Барлық энергетиктерге еңбектеріңіз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін!Біздің ұйымымыз өркендеп, әрқайсымыз мақтан тұтайық! Барлық энергетиктерге апатсыз жұмыс тілеймін. Әр үйде береке пен молшылық болсын. Біздің басты мақсатымыз – адамдарға жарық пен жылу беру.

Нұрғабиев Жәнібек Қалибекұлы – ОҚТО 2-ЖЭО учаскесінің стационды диспетчері.

Энергетикадағы еңбек жолымды 2003 жылдың маусым айынан бастадым. ОҚТО департаментінде жүк тиегіштен станционды диспетчері лауазымына дейін өстім.

Менің тағдырым энергетикамен байланысты екеніне қуанамын. Бізде жұмыс оңай емес. Бірақ қиындықтарға қарамастан, маған таңдаған мамандығым ұнайды, өйткені өз ісін сүйетін адам нағыз маман бола алады.Өз жұмысымды қызықты, болашағы зор, жауапты санаймын.Ұйымшыл ұжым, жұмыс атмосферасы, уақтылы жалақы.Мен еңбектен қорықпаймын, ең бастысы жұмыс болуы үшін, Мен еңбек етуден жалықпайпын, ең бастысы жұмыс болса болғаны, айтарым: «шыдамдылық пен еңбек бәрін ширатады», сондықтан барлығыңызға қажырлы еңбек тілеймін, өйткені тек сонда ғана барлық мақсаттар мен армандарға қол жеткізуге болады.

Келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймын!Баршаңыздың шаңырақтарыңызға жақсылық, жылылық, жарық тілеймін.

В день энергетика хочу пожелать,

Чтоб все мечты у вас осуществились,

Еще немало хочется сказать,

А главное – чтоб к лучшему стремились,

Желаю добиваться своего,

Желаю много счастья и успеха,

Желаю в жизни лучшего всего,

Желаю много радости и смеха!


Кусаинова Гульмира Сейсенбаевна – «Алматы электр станциялары» АҚ Бухгалтерлік есеп және есеп беру басқармасы есептілікті дайындау бөлімінің бастығы.

Өзімің еңбек қызметімді «АлЭС» АҚ 2010 жылыбастадым. Университетті бітіргеннен кейінгібірінші мекемедегі жұмыс орным.Алғашында салықтық есеп бөлімінің бухгалтері лауазымына қабылдандым, содан кейін жалақы жөніндегі жетекші бухгалтеріне ауыстырды, кейін негізгі құралдарды есепке алу және есептілікті дайындау жөніндегі бас маманы болып ауыстырылдым, жарты жыл Каскад ГЭС өндірістік департаментіне бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығы болып іссапарға жіберді.Бухгалтерияны жан-жақты меңгергеннен кейін, бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының есептілікті дайындау бөлімінің бастығы лауазымына ауыстырды. Жұмыс жауаптылықты талап ететін, бірақ сонымен қатар өте қызықты.«АлЭС» АҚ кәсіби тұрғыда дамуға, біліктілікті арттыру, тұлғалық даму, көшбасшылық қасиеттерді дамыту бойынша оқудан өтуге, түрлі тимбилдингтерге, съездер мен семинарларға қатысуға тамаша мүмкіндік береді.А.А.Арғынбаеваға, Ж.Ж.Алтыбаеваға еңбек нәтижелерімді жоғары бағалағаны және маған көрсеткен сенімі үшін, ал ұжымға бірлескен жұмыс, ынталы еңбек, құзыреттілік, түсіністік және шыдамдылық үшіналғыс айтқым келеді. Баршаңызға көмектеріңізге және қолдау көрсеткендеріңізге рахмет!

Энергетиктеркүні қарсаңында осы салада еңбек етіп жүрген энергетиктерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Әрқайсыңызға бақыт, денсаулық, еңбектеріңіздің жемісін көрулеріңізге тілектеспін!