Зерігуге уақыт жоқ

«АлЭС» АҚ-ның 18 жұмыскері 2019 жылғы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобының жас мамандарына арналған Қор әзірлеген Жастар жылы қарсаңына рекреациялық бағдарламаға қатысты. Бағдарламаның негізгі мақсаты-жас мамандарды дамыту. Бұл оқыту, тәжірибе алмасу, денсаулықты түзету, демалу мүмкіндігі. Жас жұмыскерлер бір апта бойы Алматы облысындағы «Arman Dala» профилактикалық орталығы базасында ағылшын тілін үйренудің практикалық курсы мен бірқатар сауықтыру процедураларын өткізді.

- Мен күзде рекреациялық лагерьде демалдым. Барлығы өте керемет ұйымдастырылған. Бізде зерігуге уақыт болмады. Әр таңымыз көлдің жағасында, таза ауада жаттығуға арналған әдемі музыкадан басталды. «Мен «Arman Dala» лагерінде өткен күндерге ризамын», - деді Каскад ГЭС автоматика жөніндегі инженері Рысбек Өмірәлиев.

- Сауықтыру кешені Іле Алатауының етегінде орналасқан. Тамаша табиғат, керемет ауа көңіл-күй мен денсаулықтан басқа, рухани жағдайды да жақсартады. Табиғаттың астында дем алғанға не жетсін, шіркін. Дәмді тағам, сауықтыру, су процедуралары, топтық ойындар, спартакиадалар, туристік сапар күнделікті қарбалас өмірден демалып, рахаттанып қалдық. Осындай іс-шаралар командалық рухты нығайтады. Корпоративтік рухты нығайтуға, алдағы жылға арналған мақсаттар мен міндеттерді, тіпті өмірді қайта пайымдауға көмектеседі. Біз жаңа таныс және ұмытылмайтын әсер алдық. Рекреациялық лагерь ұйымдастырушыларына, АлЭС АҚ компаниямызға, «Arman Dala» жұмыскерлеріне керемет демалыс үшін үлкен алғысымды білдіремін, - деп атап өтті перспективалық даму және инвестиция бөлімінің бастығы Ержан Жүнісов.

- «Arman Dala» лагерінде есте қаларлықтай тамаша демалыс болды,- деп бөлісті «АлЭС» АҚ 3-ЖЭО Электр техникалық өлшеу жөніндегі жетекші инженері Қанат Әзімханов. - Бізді жылы қарсы алды, жайлы нөмірлерде тұрып, ағылшын тілін үйрендік. Бұл бағдарлама компанияның игілігі үшін одан әрі табыстар мен жемісті еңбек етуге ынталандыруға арналған. Мен Қазақстанның түрлі салалары мен қалаларынан келген көптеген жас мамандармен таныстым. Демалыс бағдарламасы кешенді және мазмұнды болды. Бұл жас өндірістік қызметкерлерді еңбегі мен жетістіктері үшін шынайы көтермелеу.

Рекреациялық бағдарлама басталғаннан бері «Arman Dala» лагеріне 700-ге жуық адам келді. Лагерь жөнінде көптеген оң пікірлер айтылып, компаниялар үшін квоталар санын арттыру және бағдарламаны 2020 жылдың мамырына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. 2020 жылы «АлЭС» АҚ-дан «Arman Dala» - да 21 жұмыскер демалады.