Жігерлі. Болашағы мол. Жарқын жастар

2019 жылдың желтоқсан айының ортасында «АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының ІІІ форумы өтті. Форум жұмысына 70 аса белсенді жас маман қатысты.

Қатысушылар бір-бірімен танысуға, ортақ мәселелерді талқылауға, командада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру мен компаниядағы істердің жағдайына және энергетиканың болашағына қатысты сұрақтарға лауазымды тұлғалардан жауап алу үшін жиналды. Форум жұмысына «Самұрық-Энерго» АҚ, «АЖК» АҚ және «1-МАЭС Екібастұз станциясы» ЖШС өкілдері қатысты.

«Самұрық-Энерго» АҚ жастар кеңесінің төрайымы Динара Мизамбаева «Жарқын Болашақ» жастар форумына шақырғаны үшін АлЭС-ке алғысын білдіре тұра, «АлЭС» ЖҚ өз жұмысын сүйетін, тату, өз ісінің нағыз мамандары екенін атап өтті. Жұмыс істеп, жастар саясатымен шұғылданып жүрген компания жастары арасындағы өндірісшілер мені таң қалдырды, себебі бұл жұмыс жастардың ынтасымен құрылған! Барлық форум кәсібилігі мол және шығармашылық зеректігімен көзге түскен «АлЭС» АҚ жастарының арқасында өткізілді.»

- Мен бүгін форумда көргеніме таң қалдым! Нағыз таланттар! Бұл өндірісшілер емес, нағыз әртістердің өзі секілді, - деді «1-МАЭС Екібастұз» ЖШС өкілі Асығат Масғұтов. - Қанша энергия, талант...Неткен тамаша эмоциялар. Үлкен тәжірибе! Міндетті түрде өз әріптестерімізбен бөлісеміз және өзімізде компаниямызда қолданатын боламыз. Өкінішке орай, Біз «Жарқын Болашақ» ЖҰ сияқты тәжірибеміз жоқ, әсіресе Фая сияқты көшбасшы! Көрініп тұр, осы ұйымға қалай жанын беріп өз жұмысын атқаратыны. Жарқын Болашақ жарайсыңдар! Үлкен алғыс! Байланыста, бірлесіп жұмыс істейміз!

- «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының форумы – бұл компанияның әрбір жас жұмыскері болатын орын. Бұл жер бізді жұмылдырады, алдымызда қандай мақсаттар тұр және қандай мүмкіндіктер бар екенін түсінеміз, - деп атап өтті «Энергожөндеу» ӨЖК жөндеу қызметінің бастығы Айдар Иманқұлов.

- Бізде компания басшыларымен тікелей қарым-қатынас жасауға, өз сұрақтарымызға жауап алуға мүмкіндік бар екені өте маңызды. Команда құру тренингі – өзара әрекеттестіктің тамаша тәжірибесі, басқа адамдарды ғана емес, өзін де жақсы білуге жақсы мүмкіндік.

Форумның панелдік сессиясының жұмысына Басқарма Төрағасының даму жөніндегі орынбасары С.Қалиев, АРБ бастығы Д.Шайжанова, АЭжБУ «Жылу энергетикалық қондырғылар» кафедрасының доценті А.Кибарина, «Генерация» дивизионының өндірістік бағдарламалар мониторингі және күрделі құрылыс басқармасының бас менеджері Айдарбек Қыстаубаев, 3-ЖЭО басқарушы директорының орынбасары М.Әмір, Ардагер -энергетик Б.Шоланбаев қатысты. Компания меноның жұмыскерлері, ең алдымен, жастар үшін өзекті мәселелер туралы ашық әңгіме болды.

«Траст Холдинг» компаниясының тобы бір алаңда неғұрлым болашағы зор мамандарды біріктіру есебінен бірыңғай коммуникациялық орта құруға бағытталған оқыту сабақтарының негізгі модераторы болып табылатын қайнаған қуат пен жастардың көңілін дұрыс арнаға жіберуге көмектесті.

-Форум стандартты емес форматта өтті. Барлығы оңай және еркін болды, - деді «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ жастар ұйымының өкілі Алтынай Серенова. Ән айтып, музыкалық аспаптарда ойнап, флешмоб биледі. Олардың әрбір шығуы барлық қатысушыларды таң қалдырды. Жастар ұйымының қатысушылары өздерінің тарихы, олардың ұйымының қалай құрылғаны туралы бөлісті. Әрбір спикер менің өмірімнің ажырамас бөлігіне айналғанын, тіпті көпшілігі де онда өзінің екінші жартысын тапқанын атап өтті. Мені олардың бірлігі мен қонақжайлылығы таң қалдырды, өйткені олар ешкімді назарсыз қалдырмады және біз өздерімізді еркін сезіндік.

Сенімділікті бақылау және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы Азамат Чақаров: «Жарқын Болашақ» - бұл оның өміріндегі өршу, жас әріптестермен қарым-қатынас, ой-өрісінің кеңеюі. Бұл ең алдымен Достық. Тамаша форум, қызықты команда құрушы ойындар. Өте ерекше, көңілді және әсерлі болды!

- Жастар форумдарына қатысу әрдайым қызықты, танымдық, достар шеңбері кеңейіп келеді, - деп жалғастырды есеп беруді дайындау бөлімінің бастығы Гүлмира Құсайынова. «Жарқын Болашақ» ЖҰ белсенділері «АлЭС» АҚ-да дарынды тұлғалар жұмыс істейтінін көрсетті, олар жақсы ән айтады, би биледі, музыкалық аспаптарда ойнайды, сондай-ақ қоғамның және жалпы қаланың қайырымдылық, спорттық және әлеуметтік жобаларына өздерінің қатысуы туралы айтты. Гендерлік экономика мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы А.Ильясованың «Тең мүмкіндіктерді ілгерілету» тақырыбындағы баяндамасы қызықты болды. Маған шақырылған спикерлермен «еркін диалог» форматы ұнады.

- Мен 2014 жылдан бастап жастар ұйымындамын, - «Энергожөндеу» ӨЖК жөндеу қызметінің жетекші инженері Көркемжан Рашидұлы айтып берді. - Мен қайырымдылық іс-шараларға қатысып, кішкене де болса үлес қосатыныма мақтанамын. Мен балалар үйіндегі балалар өте тату екенін бұрын білмедім. Оларда «Жарқын Болашақ» жастары секілді ұйымшыл екен. Бізде белсенді жастар көшбасшысы Фариза. Ол бізбен әрқашан түрлі идеялармен бөлісіп,басымызды біріктіріп отырады. Біздің достығымыз жұмыста әрдайым көмектеседі, әрі бір-бірімізге үнемі қолдау көрсетіп отырамыз. Мұндай форумдар қажет деп санаймын, себебі оларға бейресми қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беру керек.

БЖК ӨТБ инженері Молдир Жампозованың айтуынша: «жастар ұйымында бес жыл жұмыс істеп, мен өзімді басқа қырыммен танытып, актриса, әнші, биші ретінде ашылдым.Жастар форумында біз ынталандырудың қосымша қуатын аламыз. «Жарқын Болашақ» үшін АлЭС-ке рахмет.

Біздің «Жарқын Болашақ» жастар ұйымында «АлЭС» АҚ - ның барлық жастары бір командаға жиналып, өзекті мәселелерді көтереді, қайырымдылықпен айналысады және ұйымның әр түрлі іс- шараларына белсенді қатысады, - деді ОҚТО HR менеджері Айдана Тұрғанбекқызы. Мен «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының бір бөлшегі болып, игі істерге үлесімді қосатыныма бақыттымын. «АлЭС» АҚ іс-шараларында өнер көрсететін өзіміздің ансамбліміз бар.Әр департаменттен жиналған дарынды жастардан құралған, бірі домбырада ойнап, бірі ән айтады, мен оларды мақтан тұтамын. 1-ЖЭО турбиналық цех бастығының орынбасары Серік Талдыбаевтың пікірінше: «жастар форумы біздің әрқайсымыздың өмірімізге көптеген қызықты жаңа таныстар әкелді. Маған бірыңғай ұжымның ұйымшылдығы өте ұнайды.

Команда құру курстарында сөзсіз пайда бар. Әріптестермен бейқалыпты жағдайларда қарым-қатынас жасау, ал бұл өзін көрсете білу, басқа адам туралы жаңа және маңызды нәрсе білу мүмкіндігі!»

- Бүгін біз үшін ерекше күн! Біз мұны жасадық! Біз бір айға жуық дайындалдық. Біздің балалар- «ЖАРАЙСЫҢДАР!» . Жоспарланған жұмыстардың барлығы-панельдік сессия, командалық тренингтер, флешмоб және дискотека, бәрі тамаша өтті. Жігіттер демалды, жұмыс істеді, болашаққа жоспарлар құрды, - «АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының төрайымы Фариза Ботақараева бөлісті.- Белсенділер арасында көп балалы әкелер бар! - Олар барлық жерде үлгереді! Отбасы жағдайына қарамастан, олар бір дайындықтан қалмады. Уайымдап, бір деммен, ойлаған жоспарды жүзеге асырды... Өйткені бізде барлығы ДАРЫНДЫЛАР!!!

Жастар жылы аяқталуда. «Жарқын Болашақ» жастар ұйымы өз қорытындысын шығара отырып, жас энергетиктердің өндірістік және әлеуметтік белсенділігінің артқанын, олардың өндірістік көрсеткіштерге қосқан зор үлесін атап өтеді.

Сондай – ақ, «жастар» әлеуметтік жобалар тізімін кеңейтуде, жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Қазақстандағы Еріктілер жылы алда келеді. Демек, 2020 жылы энергетиктер еріктілер қозғалысына белсене қатысып және олар өздерінің жас энергиясын жұмсайтын болады.