Электрод менің қолымда қылқалам секілді...

АлЭС-де электр дәнекерлеуші кәсібі бойынша Үздік шебер атағына арналған конкурстың мерейтойлық жарыстары өтті. Электр дәнекерлеушілербайқауы 20 жыл бойы «Энергожөндеу» ӨЖК металл және дәнекерлеу қызметінде өткізіліп келеді, оған 300-ден астам адам қатысты.

Конкурс дәнекерлеу полигонында және «Энергожөндеу» ӨЖК техникалық сыныбында өтті.Конкурс тапсырмасы теориялық және практикалық бөлімдерге бөлінді.Тест тапсырмасы барысында қатысушыларға дәнекерлеу жұмыстарының жүргізу технологиясы, оның ішінде әдістері, тәсілдері мен режимі, операциялардың реттілігі, қолданылатын материалдар, сондай-ақ еңбекті қорғау нормалары мен талаптары туралы білімдерін көрсету керек болды.

- Практикалық тапсырма барысында 20 минут ішінде қатысушылар 45 градус бұрышымен 38х4, 5 мм құбырлардың төрт жігін дәнекерледі.Жүргізілген жұмыстардың сапасын бағалауды дәнекерлеу тігісін тексеру үшін ультрадыбысты дефектоскоп қолданатын металл және дәнекерлеу қызметінің дефектоскопист мамандары жүргізеді.Бұл жұмыстарға жан-жақты қарастырылып, баға береді, - деп атап өтті байқауға қатысушылар өндірістік оқыту шебері, кәсіби дәнекерлеуші Болат Нарымбаев.

Конкурсқа үшінші-бесінші разрядтары бар мамандар қатысады. Барлығы өз істерінің шебері екендігін сайыста дәлелдей алды.

- Мен конкурсқа алғаш рет қатысуым. Электрод қолымда қылқалам секілді, себебі мен металмен сурет саламын. Бұл менің хоббиім, - деді 2-ЭЖЖЦ Талғат Әбдіразақов.

Олег Карташов өз мамандығын күрделі және қауіпті санайды. Бірақ тәжірибең болса, металмен жұмыс жасауға болады. Дәнекерлеуші болып 11 жыл жұмыс істейді, ол 5-разрядтағы дәнекерлеуші. 

Металды ұнатады, соғылған бұйымдарды жасайды.2-ЭЖЖЦ дәнекерлеуші Дәулет Аленбаев, конкурсқа қатысуға практикалық және теориялық бөлімге дайындалды, сондықтан жеңіл өтті.Ол үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. Екінші орынды ҚЖЦ өкілі Олег Карташов,жеңімпаздар үштігін 3-ЭЖЖЦ Алексей Горбушин тұйықтады.

«АлЭС» АҚ жыл сайын жұмыс кәсібінің беделін арттыру, жинақталған тәжірибені тарату және еңбектің озық әдістері мен тәсілдерін игеру мақсатында түрлі мамандықтар бойынша кәсіби шеберлік конкурстарын өткізеді.