2019 жылғы 9 және 10 желтоқсанда «АлЭС» АҚ-да кезекті жыл сайынғы «2019 жылғы газбен кесуші кәсібінің үздігі» атты кәсіби шеберлік конкурсы өтті.
Конкурс компанияда 2007 жылдан бері өткізіліп келеді, оған 200-ден астам адам қатысты. «АлЭС» АҚ-да 220 газбен дәнекерлеуші жұмыс істейді, олар металл қызметі және «Энергожөндеу» ӨЖК дәнекерлеу кезінде біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Ең алдымен үздік кесушілерді департаменттерде таңдайды,содан кейін жеңімпаздарды «Өз кәсібінің үздігі» атты кәсіби шеберлік конкурсына жібереді.
Газбен кесушілердің кәсіби жарыстары «Энергожөндеу» ӨЖК дәнекерлеу полигонында өтті.
Білім мен тәжірибе - кәсіби шеберліктің басты құрамдас бөлігі. Сондықтан конкурс екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде газбен кесушілер 30 минут ішінде құбырларды (38 мм х 6 мм) және металл парақты (қалыңдығы 20 мм) кеседі. Кесу сапасын төрешілер бригадасы мұқият тексерді.
- Бірінші кезекте сарапшылар қауіпсіздік техникасының сақталуына назар аударады: жеке қорғану құралдарының, арнайы киімдердің болуы. Бұдан әрі біз жабдықты дайындау қалай жүріп жатқанын көреміз. Тағы бір фактор-уақыт. Практикалық тапсырманы орындауға 30 минут беріледі. Белгіленген уақытта үлгермесе, әрбір артық минут үшін бір балл шегеріледі. Практикалық тапсырма үшін қатысушылар 320 балл ала алады, - деп атап өтті комиссия мүшесі Қанат Мұсаханов жетекші инженер.
- Мен конкурстарға бұрын қатысқанмын. Менің әжем мен атам Ресейден 3-ЖЭО іске қосуға келді, менің ата-анам қазір станцияда жұмыс істейді,-деді 3-ЭЖЖЦ слесарі Александр Мальцев. - Мен 3-ЖЭО-да 10 жыл слесарь-кесуші болып жұмыс істеймін. Біз дәнекерлеушілермен жұптасып жұмыс істейміз, менің міндетім дәнекерлеу үшін металды дайындау, барлығын дәл кесіп, саңылау жасап, тегістеу. Біздің жұмысымызда ең бастысы - сапа мен өзіндік тәртіп. Жақсы нәтижелерге тек еңбекпен, тұрақты практикамен ғана қол жеткізуге болады. Конкурстың маңыздылығы бастаушы кесушілердің тәжірибесі, соның ішінде еңбек қорғау бойынша, еңбек өтілімі бар жұмыскерлердің тәжірибесін алуы үшін қажет.
- Металмен жұмыс жасаудың, өзі өнер. Балқыған темірмен ерекше, мұқият жасау керек,-деп жалғастырды 1-ЭЖЖЦ слесарі Ғалымжан Тұрдиев. – Мен АлЭС-те 2007 жылғы тамыздан бері жұмыс жасаймын. Біздің жұмыста алғашқы медициналық көмек көрсетуден бастап, бәрін меңгеруге болады. Бұл да өзін-өзі жетілдірудің тағы бір тәсілі. Сонымен қатар, мұнда тек өзін ғана емес, басқалардың қалай жұмыс істейтінін көріп, үйренуге болады.
Екінші кезеңде қатысушылар мамандықтың теориялық жағын қаншалықты жақсы білетіндерін көрсетті. Тестілеу кезінде олар металды кесу технологиясын, қауіпсіздік техникасын, жеке қорғану құралдарын қолдануды, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетуді қамтитын 30 сұраққа жауап берді.
Конкурс қорытындысы салтанатты жиналыста жарияланды.
1-орын – Бағлан Джунусов (3-ЭЖЖЦ);
2-орын – Айдын Балтабаев (1-ЭЖЖЦ);
3-орын – Ғалымжан Тұрдиев (1-ЭЖЖЦ).
«Газбен кесуші кәсібінің үздігі» атты кәсіби шеберлік конкурсы жыл сайын өткізіледі. Оның негізгі мақсаты - жұмыскерлердің біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу, жұмысшы кәсіптердің беделін насихаттау және олардың кәсіби деңгейде өсуі үшін ынталандыру. 2019 жылдың желтоқсанында АлЭС-да үздік электр дәнекерлеушіге арналған тағы бір кәсіби шеберлік конкурсы өтеді.