АлЭС –тегі Наурыз мерекесі

«Алматы электрстанция» Акционерлік қоғамының жеті өндірістік департаментінің алаңдарында 2019 жылы сәуір айында Наурыз мерекесі тойланды. Ауысым жұмыскерлері үшін мерекелік дастархан жайылып, палау және т.б. тағамдар ұсынылды. Мереке дастарханында ұлттық тағамымыздың бірі –қасиетті жеті құрамдастан тұратын «Наурыз көже» әзірленді, «бауырсақтар» таратылды.

Департаменттерде мерекелік іс-шара ұйымдастырушылар, керемет көңіл-күй мен тосынсыйлар дайындады. Наурыз мерекесін ең алғашқы болып Қапшағай ГЭС жұмыскерлері бастады. Қапшағай қаласының әкімі Талгат Кайнарбеков, Халықаралық конкурстардың лауреаттары, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері кештің қонағы болды.

Наурыз

Қапшағай ГЭС жұмыскерлері жеміс бақшасын жаңартып, 100 тал алма ағашын отырғызды.

Наурыз

- Наурыз мерекесі ұлтына, дініне қарамастан, Қазақстанда тұратын әрбір адам үшін аса маңызды мейрам, - деді Каскад ГЭС басқарушы директоры Бисембек Сабыркулов. – Ардагерлер мен энергетика саласының зейнеткерлері біздің мерекеміздің сыйлы қонақтары болды.

Наурыз

- Наурыз ызғарлы қыстың кетіп, табиғат ананың оянып, тіршілік иесіне жылу, жаңару сыйлап, көңілді жадырататын мереке. Біз 1-ЖЭО департаментінде Наурыз мерекесін үлкен қуаныш және мақтанышпен атап өттік. Мерекеде «Энергожөндеу» ӨЖК мен 1-ЖЭО департаменттерінің жұмыскерлері өнер көрсетті. Станцияда өнерпаз, қабілетті адамдар көп. Сахнада қазақтың ұлттық әндерімен қоса, басқа ұлтөнерлері көрсетілді. Химиялық цехтың қызметкері Сатыпалдиева Айман француз тілінде ән шырқап, көрермендерді таң қалдырды, - деді 1-ЖЭО басқарушы директоры Исахан Сыргабаев.

Наурыз

Наурыз

- Наурыз –қазақстандықтар үшін дәстүрлі, орны ерекше ұлы мейрам. Станцияда жұмыскерлер үшін ұйымдастырылған түскі асқа талондар дайындалды. 2-ЖЭО-ның басқарушы директоры Фазоил Салимовтың айтуынша, станцияның 680 жұмыскеріне арнап мерекелік ас әзірленіпті.

Наурыз

Наурыз

- Бұл мереке арнап өткізген іс –шарамызда жастарға ұлттық құндылықтарымыз насихатталды. Асық ату, алтыбақан секілді ұлттық ойындар, сонымен қатар волейбол, бильярд, үстел теннисі ойыны сияқты спорт ойындары ұйымдастырылды. Жеңімпаздар жүлде, медаль, мақтау қағаздарымен марапатталды, - деп бөлісті БЖК басқарушы директоры Ербол Сасықов. – Әсіресе БЖК қызметкерлерінің дайындаған концерттік бағдарламасына ерекше тоқталып өткім келеді. Қазандық цехы жұмысшыларының әйгілі «Қара жорға» биі, ЖАӨЦ-ң жұмысшыларының Наурыз туралы әдемі өлең шумақтары, домбыраменкүй тартуы, қылышпен билеген билері бәрімізіді таң қалдырды. Химиялық зертхана қыздарымахаббат, халық достастығы жайлы әдемі сахналық костюмдерімен, әртістік шеберліктеріменмузыкалық қойылым қойды. Наурыз мерекесін тойлау бағдарламасы өте көңілді, есте қаларлықтай өтті. Департамент ішінде өткізілген мерекелік іс-шара жақсы жаңалықтарға толы болды. Қызметкерлер мерекенің өтуіне үлкен жауаптылықпен қараған, көптеген өнерпаздардың анықталуы энергетика саласында сан қырлы тұлғалардың қызмет ететіндігінің дәлелі!

Наурыз

Наурыз

Наурыз

Барлық департаменттерде ұлттық әндер шырқалды. Мереке аяқталғанымен, барша жұмыскерлердің жүрегінде шынай жылу сыйлады.