Рыбиндер әулеті энергетика саласындағы еңбек әулеттерінің біріншіфорумында АлЭС-ті таныстырды

2019 жылдың желтоқсан айының басында Нұр-сұлтан қаласында «Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіподағы» ҚБ ұйымдастырған энергетика саласындағы еңбек әулеттерінің бірінші республикалық форумы өтті. Форумға барлық өңірлерден 29 әулетінен 67 адам келді. Олар жылу және электр энергиясын өндіру, тасымалдау, бөлу және сату, сондай-ақ көмір секторын таныстырды. «АлЭС» АҚ атынан шыққан энергетика саласында үш ұрпақ еңбек етуші Рыбиндер отбасы болды. Бұл әулет 136 жылдан астам еңбек етуде!

- Форум жоғары деңгейде өтті. Бізді жақсы қарсы алды. Біздің әулеттің негізін қалаушы, Менің әкем Григорий Федорович Рыбинге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің атынан алғыс хат табыс етті. Әсіресе Нұр-сұлтан қаласына саяхат ерекше есте қалды. Форумның арқасында мен ерекше тұлғалармен таныстым. Маған Қазақстан энергетиктері кеңесінің төрағасы Советхан Нұрпейісовтің жеке қолынан, қолтаңбасы бар «Қазақстан энергетикасының тарихы» атты кітабына ие болу бақыты бұйырды- деп өз әсерімен бөлісті Виктор Кореньков.

АлЭС Рыбиндер әулетін мақтан тұтады. 1972 жылы мамырда Алматы МАЭС-ке бірінші болып Григорий Федорович Рыбин жұмысқа орналасты. Ол 1933 жылы Куйбышев қаласында дүниеге келген. 1951 жылдан 1955 жылға дейін Қытайда әскери қызмет атқарды, Порт-Артурда теңіз жаяу әскері болды. 1957 жылы үйленді. Кейін Новосібір политехникалық техникумында «Металл кесу маманы» мамандығы бойынша оқыды. 1957 жылдан 1972 жылға дейін Новосібір қаласындағы Барабан МАЭС-де жұмыс істеді. Турбинаның машинисінен бастап қазандық турбиналық цех қызметінің бастығына дейін барлық сатыларды өтті. 1972 жылы мамырда Алматы МАЭС-на ауысып, Алма-Атаға қоныс аударады. Мұнда турбина цехының машинисінен, турбина цехының ауысым бастығына дейін өсті. Григорий Федорович көптегеншәкірт тәрбиеледі, аудандық ұсыныстарды әзірлеуге қатысты, Үздік еңбегі үшін алғыс пен грамоталары бар. Оның энергетикадағы еңбек өтілімі-36 жыл 10 ай.

Григорий Федоровичтің жары Галина Осиповна Новосібірден көшкеннен кейін Алматы МАЭС-на жұмысқа орналасты. Жабдықтау бөлімінде бухгалтер, паспортшы, қоймашы болып жұмыс істеді. Ол кісіні әріптестері мейірімді, тәрбиелі адам ретінде біледі. 1994 жылы ол күйеуімен бірге құрметті демалысқа шықты. Бүгінгі таңда олар Өтеген Батыр ауылында жұбайымен бірге тұрады.

Рыбиндер әулетінің екінші толқынның өкілдері-олардың балалары Людмила мен Александр.Олар да ата-анасының ізін жалғастырды. Рыбина (Коренькова) Людмила Григорьевна Алматы МАЭС-да ТКО және Алматы-Атаэнерго ЭЕМ операторы болып жұмыс істеді. Александр Григорьевич Рыбин 1982 жылы Алматы энергетикалық техникумын техник-жылу технигі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы Алматы МАЭС-де бастаған. Қазір 6 разрядтағы қазандықтардың машинисі болып жұмыс істейді.

Ол қазандық цехының тәжірибелі машинистерінің бірі. Жұмыс барысында ондаған жас мамандарды үйретті. Адал еңбегі үшін Алғыс хаттар иегері. Энергетикадағы еңбек өтілімі -36 жыл 7 ай.Қызының күйеуі (күйеу баласы) – Кореньков Виктор Анатольевич өзінің еңбек жолын Алматы МАЭС-де 1988 жылы қазандық цехында бастады. Қарапайым жұмысшыдан басшыға дейінгі барлық сатылардан өтті. 1993 жылдан бастап қазандық цехының ауысым бастығы, қазандық цехының бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. Әріптестер ол туралы техникалық сауатты маман, талапшыл басшы екенін айтады.
Әулет басшысының немересі - Кореньков Станислав Викторович 2008 жылдан 2019 жылға дейін «Энергожөндеу» ӨЖК ультрадыбыстық бақылау бойынша дефектоскопист болып жұмыс істеді. Бүгінгі тада «АлЭС» АҚ-да 20-дан астам еңбек әулеті жұмыс істейді, олар компанияның алтын қоры болып табылады. Еңбек әулеті-бұл жылдар бойы атадан балаға сақталып, келер ұрпаққа берері мол қазына. Олардың барлығы-компанияның мақтанышы, оны республикалық форумдарда лайықты танытады.