1-ЖЭО-ға кәсіподақ көшбасшысы барды

Жұмыс сапары аясында ҚР ҚФ басшысы Ералы Тоғжанов Алматы өңірінің көне кәсіпорындарының бірі 1-ЖЭО-де болып қайтты.

1-ЖЭО Өндірістік департаменті «Алматы электр станциялары» АҚ Энергия өндіруші ұйымының құрылымына кіреді. Кәсіпорында 365 адам жұмыс істейді, оның 90 % кәсіподақ мүшелері болып табылады. Ералы Тоғжанов қазандық және турбиналық цехтарға, сондай-ақ жылу және электр энергиясын өндірудің технологиялық процесі өтетін басқару қалқанына барып, кәсіпорындағы еңбек жағдайымен танысты. 1-ЖЭО еңбек ұжымымен кездесуде, басты тақырып жұмыскерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау, кадрлар даярлау, сондай-ақ кәсіпорындағы кәсіподақ ұйымының жұмысы болды.

«АлЭС» кәсіподақ» филиалының мүшелері еңбек ұжымдарымен тұрақты байланыста болады, еңбек ұжымдары мүшелерінің әлеуметтік және еңбек мәселелері бойынша шағымдары мен өтініштерін мұқият қарайды, жұмыскерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету мәселелерін тұрақты бақылауда ұстайды, қажетті құқықтық көмек көрсетеді.

Кездесу барысында ҚР КФ басшысы кәсіпорындағы еңбек жағдайын және кәсіподақ ұйымының әлеуметтік серіктестермен бірлесе жұмыс істеу жағдайын жоғары бағалады.

«АлЭС-те» - ең үздік әлеуметтік пакеттердің бірі. «АлЭС» кәсіподағы мен басшылығы еңбек адамының мәртебесін көтеріп, қолдау үшін көп еңбек етеді деп сеніммен айтуға болады», - деді Ералы Тоғжанов.

Кездесу қорытындысы бойынша құрмет грамоталарымен 1-ЖЭО және 2-ЖЭО үздік жұмыскерлері 2-ЖЭО турбина цехының өңделген майын регенераторлаушы Меналимов Сервер, 2-ЖЭО БОЖҚ машинисі Андрей Мельников, 1-ЖЭО электр монтері Ерлан Мұсақұлов, 1-ЖЭО бу турбиналарының машинисі Татьяна Наливайка және жөндеу қызметінің бас маманы Артен Шабаков, ОҚТО аудармашысы Айдана Тұрғанбекқызы алғыс хаттармен марапатталды.