АлЭС Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған челленджге қосылды

«АлЭС» АҚ-ның көптеген жұмыскерлері Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған челенджге қосылуға ниет білдірді. 2019 жылдың қараша айының соңында компанияда «Абай әлемі» атты конкурс өткізілді.Іс-шараның басты мақсаты Абайдың өмір жолы мен шығармашылық жолын еліміздің рухани байлығы ретінде насихаттау. Конкурсқа 7 команда қатысып, өнерлерін ортаға салды. Конкурстың «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» атты алғашқы кезеңінде қатысушылар ақынның өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқыды.

«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...» атты екінші кезеңінде ақынның өмірінен тамаша көріністер көрсетілді.Қатысушылардың актерлік шеберлігі, киім үлгілері көрініске толыққанды сол заманның иісін сезіндірді.Күнделікті жұмыс барысындағы өз міндеттерін атқарып жүрген әріптестеріміз, көрермендерге керемет көңіл-күй, көз жасы мен қуаныш тасыйлады. Сахнадағы ойнаған образдары, актерлік шеберліктері ешкімді бей-жай қалдырмады.

-- Бұл конкурстан алған әсері ұмытылмас, әрі керемет, нағыз театр қойылымымен салыстыруға болады. Абайдың шығармашылығына арналған конкурстан керемет әсер алдық, киім үлгілері, грим, декорациялар 1-ЖЭО акт залын шағын театр сахнасына айналдырды, нағыз дарынды театр шеберлерінің көріністерін тамашалағандай сезімде болдық, - деп өз ойымен бөлісті БЖК кадр жөніндегі жетекші инженері Айнұр Темірбаева.


«Құлақтан кіріп бойды алар...» атты үшінші кезеңде ұлы ақынның музыкадағы рухани дүниесі ашып көрсетті. Әдемі дауыста шырқалған әндердің толқынымен Ақынның шығармашылық әлеміне саяхат жасағандай болдық. Зал толы, керемет атмосфера. Қатысушылар ән айтып қана қоймай, домбыра, қобыз, баян секілдімузыкалық аспаптармен сүйемелдеді.

- Конкурсқа 7 команда қатысты, оның ішінде барлық қатысушылар – «Алматы электр станциялары» ірі энергетикалық компаниясының жұмыскерлері.Онда қандай дарындылар жұмыс істейді!!!! Кейбір қойылымдарда көзіме жас алғаным да болды. Тіптен, кейде видеоға түсіруді де ұмыттым. Біздің халқымызда дарындылардың әлі де бар екендігіне көзім жетті... Ал ұлы Абайдың шығармашылығын барлығымыз білуге тиістіміз, - деп жазды өз Instagram парақшасында1-ЖЭОҚРКФ делегациясының қатысушысы Асхат Асылбеков.

- Әріптестеріміздің шеберлікпен көрсеткен өнерлеріне тамсана қарадық. Сахна төрінде театрдың кәсіпқой әртістерін тамашалағандай әсерде болдық.Әсіресе, Батыс жылу кешені мен 2-ЖЭО командаларының сахналық қойылымы көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Жүректі тебірентіп, көңіліміз босаған сәттер де болды. Өте тамаша көрініс! Осы үзінді көріністерден кейін, Мұхтар Әуезовтың поэмасын қайта толығырақ оқып шыққым келгені... Конкурс жоғары деңгейде өтті, командалардың ауызбіршілігі мен командалық рух сезілді, - деп атап өтті құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, сценариді жазушы Лаура Кусмолдинова.

АлЭС-те дарынды жұмыскерлер көп, актерлер, әншілер, бишілер, тіпті музыканттарға жұмыс істейді. Конкурс мемлекеттік тілде өтсе де, оған өзге ұлт өкілдері де қатысқаны, бізді қуантатын жағдай. Әр команда лайықты өнер көрсетіп, ұмытылмас эмоциялар қалдырды.

Басында сахнада өнер көрсету қорқынышты болды, мәтінді ұмытып қалмау, қажетті эмоцияларды жеткізе алмай қалмаймыз ба және т.б. басқа жағдайлар демекші. Бірақ әріптестерімнің қалай беріліп, жанын салып дайындалғандары, маған ерекше батылдық берді, - деді БЖК қазандық цехының технигі Сәбит Айдос.– Мен осындай іс-шаралардыұйымдастырушы «АлЭС» АҚ-да жұмыс істейтінімді мақтан тұтамын.Өнер әлемі - біздің кәсібімізден алшақ болса да, АлЭС өмірінде әрқашан орын алып тұрады.Мұндай кештер қарбалас өмірдің қарапайым күндеріне жарық беріп, адамның жанын жылытады және өз қатарларымызда көптеген таланттарды анықтауға жақсы мүмкіндік. Және бұл керемет!

Сайыс барысында топ жанкүйерлері арасында «Абай әлеміне саяхат» деген Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы викторина ойыны өткізілді.

Іс-шараның қонақтары мен жанкүйерлері музыканы қызығушылықпен тыңдап, көркем оқуды, талантты жұмыскерлердің сахналық қойылымдарын тамашалады.Конкурс нәтижесі бойынша жүлделі орынға ие болған командаларға диплом мен сертификаттар беріліп, сондай-ақ, қазылар алқасының ерекше ілтипатына бөленген басқа қатысушылар «Үздік мәнерлеп оқу», «Үздік жанкүйер», «Ақынның өмірі мен шығармашылығын жетік меңгерген» номинациялар бойынша марапатталды.

АлЭС қабырғасында өткізілетін «Абай әлемі», «Тәуелсіз елім – тірегім, туған тілім – жүрегім!» КВН және т.б. іс-шаралар жастар арасында рухани-адамгершілік, патриоттық қасиеттерді тәрбиелеуде.