АлЭС: теория мен тәжірибенің үйлесімді ұштасуы

2019 жылдың қараша айының соңында Алматыда «Мелитек» ЖШҚ «Материалдардың сапасын зерттеу және бақылау үшін аналитикалық жабдықтар саласындағы жаңа әзірлемелер» семинары өтті. Семинарға «Энергожөндеу» ӨЖК металл және дәнекерлеу қызметінің өкілдері жетекші инженер Татьяна Власова және 1 санаттағы инженер Владимир Седловский қатысты.

- 19 жыл біз ресейлік «Мелитек» ЖШҚ компаниясымен серіктеспіз. Бұл компанияның ерекшелігі әрбір тапсырыс берушінің талаптарына жеке көзқараспен қарайды. АлЭС жұмыскерлері «Мелитек» ЖШҚ ұйымдастырған тәжірибелік конференциялар мен семинарларға үнемі қатысады, - деді Татьяна Власова. - Биылғы жылы мен «Мелитек» ЖШҚ ұсынған аспаптармен және жабдықтармен жұмыс істеу туралы, атап айтқанда «ABRAMIN» тегістеу-жылтырату станогы және TRANSPOL үшін тасымалданатын жүйе туралы баяндама жасадым.Бұл жүйе «АлЭС» АҚ металл қызметі және дәнекерлеу зертханасында, сондай-ақ станциялардың жабдықтарында тегістеуді дайындау кезінде қолданылады.Q-4mobile оптико-эмиссиялық спектрометрді практикалық қолдануына жеке тоқтатым.

 Семинарда «OLIMPUS» фирмасының оптикалық микроскопында металлографиялық талдаудың жаңа әдістемелері ұсынылды. Ғылымның жаңа жетістіктерін үйлестіру және оларды тәжірибеде жүзеге асыру «Алматы электр станциялары» АҚ-ның басым бағыттарының бірі.