АлЭС еріктілер акциялары «Jas Samuryq» Қорының жастар слетінде ұсынылды

2019 жылдың қараша айында Нұр-сұлтан қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының «Jas Samuryq» Жастар слеті өтті. Іс-шараға Қордың 300-ден астам портфельдік компанияларының белсенділері қатысты. «Алматы электр станциялары» АҚ атынан «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының төрайымы Фариза Ботақараева және ұйымның белсенділері Мөлдір Жампозова және Мейрамбек Рыспеков қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушы - Қордың қолдауымен әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы.

- Біз «АлЭС» АҚ еріктілерінің іс-шараларын «Мейірімді іс» панельдік сессиясындағы есептерінде көргенімізге өте қуаныштымыз. «АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсенділері 6 жылдан астам қайырымдылық акцияларын өткізіп келеді, - деді АлЭС жастар ұйымының төрайымы Фариза Ботақараева. - Панельдік сессияның соңында біз жеке басының өсуіне кедергі келтіретін себептерді анықтауға сауалнамадан өттік. Қазіргі таңда шыны керек, барлық мүмкіншіліктерге қол жетімді, соған қарамастан, осы күннің жастары жалқау екенін мойындауымыз керек. Өзін-өзі дамытуға ықпал ететін жауаптардың ішінде кітап оқу, арнайы тренингтерге қатысу болды...

Күннің екінші жартысында слеттің барлық делегаттары «Prime Games» зияткерлік сайысына қатысты. Ойын барысында қатысушылар өз білімдерін ғана емес, сонымен қатар әр түрлі еншілес компаниялардан екеніне қарамастан, жақынырақ танысып, достасып кетті.

- Бұл іс-шара ерекше өнімді әрі пайдалы болды. Әсіресе, шақырылған қонақтардың story-telling форматында жеке және кәсіби әлеуетін жүзеге асыру туралы бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев сөйлеген сөздері ұнады.Ол өмірде маңызды нәрсеге қол жеткізу үшін оған жету жолында табандылықты көрсете отырып, оған кішкентай қадаммен баруға нақты мақсат қою қажет екенін айтты. Өзі мақсат қою және оған қол жеткізудің жарқын мысалы.Мен осы іс-шарада өзіме көп нәрсе алдым, менің жазба кітапшам шақырылған спикерлердің сөздерімен идеяларымен толды.Біздің «АлЭС» компаниясына осындай іс - шараға қатысуға мүмкіндік бергені үшін рахмет, - деді «АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсенді мүшесі Мейрамбек Рыспеков.

Іс-шара соңында «2020 жыл – Еріктілер жылы» деп жарияланды. Қор жастары 2020 жылы белсенді қоғамдық өмірді жалғастырады. Еріктілер жылы Жастар жылының жалғасы болып табылады. Алдағы жылға «АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсенділері көптеген қайырымдылық іс-шаралар жоспарлауда.