«АлЭС» АҚ жұмыскерлерін аттестаттау сәтті аяқталды

2019 жылғы 14 қазан мен 29 қараша аралығында «АлЭС» АҚ жұмыскерлерді аттестаттаудан өткізілді. Әр үш жыл сайын компанияда жұмыскерлердің кәсіби және біліктілік дайындық деңгейін, іскерлік қасиеттерін анықтау үшін аттестаттау өткізіледі, - деп атап өтті Адам ресурстары басқармасының бастығы Дария Шайжанова.

-Биыл 710 басшы мен маман аттестаттаудан өтті. Бұл олардың кәсібилігі мен жұмыс сапасын бағалаудағы өте маңызды рәсім. Аттестаттау екі кезеңде өткізілді: компьютерлік тестілеу және әңгімелесу. Әрбір аттестатталушы бойынша шешім әңгімелесудің қорытындысы бойынша жеке қабылданды, оның барысында ҚР заңнамасын, компанияның ішкі нормативтік құжаттарын білуіне компьютерлік тестілеу нәтижелері талданды. Аттестаттау кезінде жұмыскердің өзіне жүктелген міндеттерін орындауға қабілеті негізгі бағалау өлшемі болып табылады.

Өткізілген аттестаттау нәтижелері бойынша қорытынды шығарылды және аттестаттау комиссияларының ұсыныстарын орындауға бағытталған іс-шаралар әзірленеді, олардың жүзеге асырылуын бақылау ұйымдастырылады.