«АлЭС жаңалықтары» алғыс хатпен марапатталды

Елорда да корпоративтік БАҚ клубының отырысында SAMURYQ SAMǴA конкурсы өтті. АлЭС газеті алғаш рет «Самұрық-Қазына» қорының Корпоративтік БАҚ арасында ұсынылды.

- Біздің компания «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында ішкі коммуникацияны дамытқаны үшін алғыс хат алды.

Корпоративтік БАҚ клубының отырысында менің алғашқы рет қатысуым. Мен үшін бұл өте танымды және қызықты болды.

Мен өз маманым бойынша әріптестермен таныстым, біздің корпоративтік газетіміз үшін бірнеше жаңашылдықтардан хабардар болдым. Біз өнімді жұмыс жасадық. Ұйымдастырушыларға – әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығына және «Самұрық-Қазына» қорына іс-шараны ұйымдастырғаны үшін жеке алғысымды білдіремін, -деп атап өтті «АлЭС»АҚ баспасөз хатшысы Айгүл Қорғанбаева.

Іс-шараның салтанатты бөлімінде Қайсар Мақаннан стратегиялық коммуникациялар бойынша тренинг өткізілді. Коуч стейкхолдерлер матрицасы, PR-және HR-бөлімшелерінің жауапкершілік аймақтары туралы айтып, шетелдік компаниялардың тәжірибелерімен таныстырды.

Корпоративтік БАҚ клубының қатысушылары белсенді болды: сұрақтар қойылды, өз тәжірибесі туралы әңгімеледі, пікір-талас ойлармен бөлісті.