АлЭС қызметіндегі басты міндеттің бірі – қоғамдық бақылау

2019 жылғы 20 қарашада «АлЭС» АҚ-да еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңестің семинары өткізілді, онда компанияның 36 жұмыскері қатысты. Бұл өндірістік кеңестің мүшелері мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар.

.

Семинардың маңызды бөлігі Өндірістік кеңестер жұмысының нәтижелері мен жетістіктеріне арналған. «АлЭС» АҚ техникалық инспекторлардың еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі, өндірістік жарақаттанудың, кәсіби аурулардың алдын алу және жұмыскерлердің денсаулығын сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруына барлық жағдай жасайды және қолдайды.

- «АлЭС» АҚ қызметіндегі негізгі басымдылықтың негізі ретінде - еңбекті қорғау және өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып қала береді. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыратын жұмыскерлер өкілдері ретіндегі техникалық инспекторлардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күнделікті жұмыста рөлі өте маңызды екендігін атап өтті «АлЭС» АҚ Сенімділікті бақылау және еңбекті қорғау басқарма бастығы Марат Ақылбай. Жұмыскерлердің жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасауға материалдық мүдделілігін арттыру және жұмыскерлерді өндірісті жақсарту процесіне тарту, жеке, қоғамдық және еңбек өмірін жетілдіру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап компанияда жазатайым жағдайларға әкеп соқтырмаған қауіпті факторлар, тәуекелдер, оқиғалар туралы хабарламалары үшін жұмыскерлерді көтермелеу туралы Ереже қолданысқа енгізіледі.

Семинарға қатысушылар техникалық инспекторлардың жұмысындағы бағыттарды талқылады, олардың қауіпті жағдайлар мен іс-әрекеттердің, өндірістегі жазатайым жағдайлардың алдын алу, жұмыс орнындағы еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі қызметінің маңыздылығын атап өтті.