АлЭС: қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

2019 жылдың 18 қарашасында Алматы облысы бойынша Экология департаменті мен «Алматы электр станциялары» АҚ арасында қоршаған ортаға эмиссиялардың көлемін кезеңмен төмендету және тұрақтандыру мүмкіндігі жөнінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

- Біз ынтымақтастыққа ашықпыз, – деді Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары-Бас инженер Газий Исмухамбетов. - АлЭС адамзат үшін қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз етуді және ең озық қолжетімді технологияларды енгізуді қолдайды. Компания қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу жүйесін құрады және автомобиль жолдарын салу кезінде өндіріс қалдықтарын пайдалануға, жыраларды ауыл шаруашылығы айналымына қайтару үшін ландшафтық жұмыстарға жәрдем көрсетеді.АлЭС қоршаған ортаға эмиссияларды төмендетуге бағытталған қазіргі заманғы технологиялық шешімдерді пайдаланады.

Меморандумды іске асыру кезінде жылу және электр энергиясын өндірудің оларды тұтынудан технологиялық тәуелділігінің ерекшеліктері ескерілетін болады. Алматы облысындағы қоршаған ортаның сапасын жақсарту жөніндегі Кешенді жоспарды орындау жөніндегі бағдарламаны әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылатын болады.Жұмыс тобының жұмысы шеңберінде «АлЭС» АҚ-ның қоршаған ортаның сапасын жақсарту (атмосфералық ауа, жер асты сулары, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру объектілерін жою, жерді қалпына келтіру, аумақты көгалдандыру) бойынша ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуге байланысты мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстары талқыланады.