АлЭС: мейірімді іс

2019 жылдың қараша айының басында дәстүр бойынша «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсенділері көпбалалы отбасына барды. Аталған отбасы Алматы қаласы Әуезов ауданында тұрады. Марқұм Рустемов Нуртас Отепбергеновичтің (05.01.1976-01.02.2014) жұбайы мен бес баласы артында қалған.

- Біз көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жиі барамыз. Көбінесе тағдырдың тәлкегіне түскен, қиын кезеңдерді басынан өткізіп жатқан отбасылар осындай көмекке жүгінеді. Ешкім ауру мен өлімнен сақтандырылмаған. Мен еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі маман ретінде әріптестеріме де, таныстарыма да үнемі айтатыным, ең бастысы – адам өмірінің қауіпсіздігі. Өкінішке орай, көптеген жүргізушілер жол жүру ережелерін сақтамай, жиі жылдамдықты арттырғаны, артынан қайғылы ЖКО әкеледі.Әрбір жүргізуші өз өмірі үшін ғана емес, сонымен қатар басқаға да жауапты болуы тиіс деп есептеймін, - деді «АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсендісі Шыңғыс Рахатов, ОҚТО департаментінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі аға инспекторы.

Менің күйеуім - Рүстемов Нуртас Отепбергенович көлік апатынан қаза болды. Ол 38 жаста болатын. Тым ерте, жастайынан кетті. Жұмыстан шақыртқан болатын, бара жатқанда жол апатына ұшырады.Мен бес баламен қалдым, екеуі тіптен кішкентай егіздер еді. Мен не істейтінімді білмей? Маған психологиялық түрде қиынға соқты. Әрі жаспын. Бес кішкентай бала. Қорқыныш та бар. Мен балаларды асырай аламын ба? Күйеуіммен жақсы өмір сүрдік. Мен жұмыс істеген жоқпын. Біз үйленгенде, менің күйеуім бізді өзім бағамын дегесін, ештеңеге алаңдамағанмын. Мен әрдайым балалармен, үй шаруасымен айналыстым. Мен ешқашан, ешкімнен көмек те сұрап көрмегенмін. Менің ата-анам зейнеткерлікке шыққан, сонда да мүмкіндігінше кейде көмектесуге тырысады. Ең бастысы материалдық көмектен гөрі, рухани қолдаудың орны бөлек қой. Менің балаларым мен ата-анам қиын кезеңнен өтуіме сүйеніш болды. Олар үнемі жанымда болды. Менің балаларым-менің болашағым, менің өмірімнің мәні. Менің қайғыма қарамастан өмір жалғасуда..., - деді Жұлдызай Рүстемова.

Жұлдызайдың үлкен ұлы Ержан, қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қаржыгер мамандығы бойынша 4-курста оқиды. Ол грантқа түсті, жақсы оқиды, демалыс кезінде жұмыс істейді. Анасына көмектесуге тырысады.Қазір ол отбасының тірегі. Ол өзінің апа-қарындасы мен інісінің алдындағы жауаптылын сезінеді. Қызы Аружан, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің 2 курс студенті.Өкінішке орай, оның грантқа тек бір балы жетпеді. Отбасы оқуға жылына 700 000 мың теңге төлейді. Үшінші қызы Жанель, 4-сыныпта оқиды. Ал ең кіші егіздер екінші сыныпта.«АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсенділері әрдайым қиын кезеңді бастарынан өткеріп жатқан адамдарға қолдау көрсетуге, өмірлеріне кішкене де болса қуаныш сыйлауға дайын. Мейірімділік, жақсылық, қайырымдылық - игі-істер, өмірдің тәлкегіне түскен адамдар үшін маңызды.

«АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ»

ЖҰ Төрағасы Фариза Ботакараева