АлЭС Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетеді

2019 жылдың қазан айының соңында «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсенділері Ұлы Отан соғысының ардагері Анатолий Николаевич Шағаловтың үйіне барды.

-Мен Анатолий Николаевичті көргенде таң қалдым. Ол кісі әлі де қуатты.Өзі ашық және мықты адам. Мен ол кісімен көп әңгімелестім, өзінің қиын да, қызық өмірімен бөлісті, - Нұржан Абдуллаев, «АлЭС» АҚ«Жарқын Болашақ» ЖҚ белсендісі, 2-ЖЭО жөндеу-құрылыс цехының жетекші инженері.

Анатолий Николаевич 5 қазанда 96 жылдық мерейтойын атап өтті. Ол Новосибирск қаласында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Жеңіс Орденінің иегері. 1971 жылы отбасымен Қазақстанға көшіп келді. Новосібір қаласында шахтада жұмыс істеп, Қазақстанға көшіп, Алматы қаласындағы құрылыс комбинатында еңбек етті.46 жыл бұрын зейнеткерлікке шыққан. Жұбайы 20 жыл бұрын қайтыс болды. Анатолий Николаевичтің екі қызы мен ұлы бар. Қызы Ирина әкесін өзіне алды. Ол жұбайымен бірге қамқорлығына алған.Анатолий Николаевичке жалғыз өзі жүруіне қиындау. Бірақ ол өз бетінше жүруге, тамағын өзі ішуге тырысады. Ардагердің тек есту, көру қабілетінде қиындық бар.. Аппарат арқылы тыңдайды.

Біз атаға төсек жайындылары мен азық-түлік себетін сыйладық. Анатолий Николаевичке ұнады. Ол тіптен «мен байыдым ғой»,- деп қалжыңдаған болатын.

Ол бізге ең жақсы тілектер тілеп, Нұрлан Тауфикович Мухамед-Рахимовқа алғыс білдірді, - деді Фариза Ботақараева «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының Төрағасы, «АлЭС» АҚ «Энергожөндеу» ӨЖК жетекші инженер- бағдарламашысы.

«АлЭС» АҚ Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсенділері №1 балалар үйіне, ардагерлерге, аз қамтылған отбасыларға үнемі барып тұрады. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлеріне ерекше көңіл бөлінеді.