2019 жылдың қазан айында Қазақстандық заң форумы» Қазақстанның үздік Заң департаменті-2019» байқауында «Энергетика» номинациясы бойынша «Алматы электр станциялары» АҚ Заң департаменті жеңімпаз атанды.
Бұл конкурс 2014 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі. Ол Қазақстан Республикасындағы ірі компаниялардың заң департаменттерінің айтулы жарыс алаңы болып табылады. Бұл-бүгінгі таңда заңгерлерге арналған қазақстандық кәсіби конкурстардың бірден-бір түрі. Біз бұл конкурсқа алғаш рет қатыстық. Біздің жұмысымызға лайықты баға бергендеріне өте қуаныштымыз. Сараптау комиссиясы 10 адамнан құралып, оның ішінде жетекші заңгерлер, судьялар және мемлекеттік органдардың өкілдері барлық ұсынылған құжаттарды егжей-тегжейлі зерделеп, жеңімпаздарды анықтады.
Біз естелік кубогы мен «Энергетика» номинациясы бойынша «Қазақстанның үздік Заң департаменті – 2019» сыйлығының иегері атанып, сертификат алдық», - деп бөлісті Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор Нұржан Исабаев. Конкурс аясында «Мұнай және газ», «Жылжымайтын мүлік және құрылыс», «Банк», «Инвестициялық компаниялар, көп бейінді (инвестициялық) холдингтер», «Ритейл», «Өнеркәсіп», «Ауыл шаруашылығы», «АТ және телекоммуникация», «Көлік және логистика» номинацияларындағы «Қазақстанның үздік Заң департаменті» сыйлықтары табыс етілді. Іс — шараны ұйымдастырушы-Lincoln Conferences, Қазақстанның топ-100 компаниясы үшін семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыру бойынша Қазақстанда 8 жылдық жұмыс тәжірибесі бар Lincoln Brown компаниясының конференциялық бөлімшесі.