АлЭС: спорттық жетістіктердің тамаша үлгісі!

2019 жылы 13 қазанында «АлЭС» АҚ қызметкерлері Алматы жартылай марафонына қатысты. Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары – Бас инженер Ғазий Исмухамбетов 21 км қашықтықты бағындырды. Қаржы ресурстарын басқару бөлімінің жетекші маманы - Қайсар Кабиев 10 км жүгірді.


- Бұл менің 4-ші рет қатысуым. Марафондар мен жартылай марафондар қаламыздың спорттық өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Ғазий Жумабайұлы 1 сағат 40 минутта 21 шақырым қашықтықта жүгіргенін мақтан тұтамын. Ол өз жас шамалық аралығында 15 орын алды. Бұл мен үшін күш жігер мен спорттық жетістіктердің тамаша үлгісі!

Енді мен де осындай көрсеткішке тырысамын, - деп өз әсерімен бөлісті Қайсар Кабиев. Алматы жартылай марафонында 5000-ға жуық әуесқой спортшы мәре сызығын кесті. Спортшылар жеңген Трасса халықаралық AIMS марафондары мен жүгірістері қауымдастығының ережелеріне сәйкес сертификатталған және бұл сапа мен әлемдік стандарттарға сәйкестігін растау болып табылады.

Мәлімет үшін, «Алматы марафоны» марафон бойынша Әлем чемпионатына қатысу үшін біліктілік жүгірулері қатарына енгізілген. 2019 жылдың 14 қазанынан бастап, тоғызыншы «Алматы марафон» тіркелу басталды. Жарыс 2020 жылдың 19 сәуірінде өтеді.