АлЭС: жұмыскерлерді аттестаттау басталды

2019 жылдың 15 қазанында «АлЭС» АҚ-да жұмыскерлерді атқаратын лауазымына сәйкес аттестаттау басталды.

Атттестаттау – персоналды бағалаудың ең көп таралған нысандарының бірі. Бірақ мерзімдік бағалаудың басқа нысандарына қарағанда, аттестаттау заңнамада көзделген жалғыз бағалау рәсімі болып табылады.

 

Осы іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты – жұмыскерлердің атқаратын лауазымына біліктілік сәйкестігін анықтау, өз жұмыскерлерінің еңбек ресурстарын одан әрі ұтымды пайдалану, олардың еңбек өнімділігін арттыру және тапсырылған жұмысқа жауапкершілікті арттыру болып табылады.

Аттестаттау өткізудің міндеттері:

• жоғары білікті кадрлық құрамды қалыптастыру;

• жұмыскерлердің атқаратын лауазымына сәйкестігін анықтау;

• жұмыскерлердің біліктілігін арттыру, кәсіби даярлау немесе қайта даярлау қажеттілігін анықтау;

• жұмыскерлердің мансаптық өсу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

• әр жұмыскерді оның мамандығы мен біліктілік деңгейіне сәйкес тиімді пайдалану;

• кәсибиліктің өсуін ынталандыру.

Аттестаттау екі кезеңнен тұрады.

- Бірінші кезең – тестілеу. Компания Басқармасының шешімімен бекітілген аттестацияны өткізу ережелеріне сәйкес басшылар қызмет бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, ішкі жергілікті құжаттарды білу бойынша тестілеуден өтеді, онда біздің әріптестеріміз 60% сұраққа жауап беруі тиіс, - деді Адам ресурстары басқармасының бастығы Дария Шайжанова.


- Екінші кезең-әңгімелесу. Әңгімелесуден компания мамандары да өтеді. Жұмыскерлердің өз біліктілігі мен бастамашылығын көрсету мүмкіндігі бар, бұл мансаптық өсуге, кадрлық резерв құрамына енгізуге, жалақыны арттыруға ықпал етеді.

Жұмыскерлерді аттестаттудан өткізу - олардың әлеуетіне талдау жүргізу, уәждемесінің деңгейін анықтау, дағдылары мен құзіретін бағалау және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпарат береді. Аттестаттау нәтижелері бойынша Компания жұмыскерлерін қосымша оқытуды ұйымдастыру үшін қажетті ақпарат алынатын болады.