АлЭС: шағын футболдан турнир өтті

2019 жылдың қазан айының басында 1-ЖЭО, БЖК, «Энергожөндеу» ӨЖК, департаменттерінің арасында 1- ЖЭО учаскесінде шағын футболдан турнир өтті. Дәстүрлі жарысқа 1-ЖЭО өрт сөндіру бөлімінің командалары, «Қазақстан Күзет» ЖШС және «Күзет» АКҚБ командалары қатысты.


- Біздің бүгінгі маңызды күнге ауа райыда жақсы қарайласты. Барлық он (5 Құрама + 5 цехтық) команданың балалары тамаша нәтиже көрсетіп, тең ойнады, - деп 1-ЖЭО басқарушы директоры Исахан Сырғабаев өз әсерімен бөлісті. – Жарыстың соңғы минутында жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаз кубогы БЖК командасына бұйырды. Соңғы секундтарда өткізіп алған доп «Күзет» АКҚБ командасына жеңімпаз болуға мүмкіндік бермеді, олар екінші орынға ие болды. 1-ЖЭО командасы үшінші орынға ие болды.

Турнирде үздік ойыншылар мен жанкүйерлер де анықталды. Үздік қақпашы болып 1-ЖЭО орталық қоймасының меңгерушісі Адай Бегимов болды. Үздік қорғаушы болып «Күзет» АКҚБ командасынан Уали Мубараков, ал үздік шабуылшы 1-ЖЭО командасынан электрмонтер Мадияр Кумаров танылды. Сөзсіз, үздік жанкүйерлер болып 1-ЖЭО қыздары Асель Жусупбекова, Майра Ибраимбекова, Акмарал Джылкычиева атанды.

Турнирге қатысушылар 1-ЖЭО жұмыскерлеріне және ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Олар – ӨБАЖ жетекші инженері Жомарт Даулетбаев, турбина цехы бастығының орынбасары Ринат Мақсұтов, жүргізуші Данияр Жұмаев және 1-ЖЭО кәсіподақ комитетінің Төрағасы Турсын Жақұпова.

Барлық ойыншылар мен жанкүйерлер әдемі және қызу ойыннан көтеріңкі көңілмен, жақсы демалып қайтты.