2019 жылғы қыркүйек айының ортасында «АлЭс» АҚ жұмыскерлердің екінші тобы «Еңбек заңнамасының негіздері және келісу комиссиясының мүшелері үшін келіссөз процесінің дағдылары» бағдарламасы бойынша тренингке қатысты. Келісу комиссиясының мүшелері үшін оқыту тренингі әр түрлі сатылар мен бағдарламаларды қамтыды, олардың әрқайсысы келісу комиссиясының тиімді жұмысы үшін қажетті белгілі бір тақырыпты талқылайды.
Келісім комиссиясының қатысушысы Пайдалану және жөндеулер басқармасының бастығы Алексей Скрябин, өз ойымен бөлісті: «Корпоративтік оқытуды жай ғана сертификат алу үшін емес, бұл әдістерді жұмыс барысында қолданып, күткен нәтижені алуымыз керек. Маған оқыту әдістемесі ұнады. Біз нақты роликтерді талдап, кейстерді талқыладық».
- Әр қатысушы оқыту барысында қызығушылықпен өзінің ой-пікірі мен көзқарасымен бөлісіп отырды - деп өз әсерімен бөлісті БЖК кадрлар және кадрларды даярлау жөніндегі жетекші инженер Айнұр Темірбаева. –Оқыту барысында ұнағаны, біз топтарға бөлініп, әр топ өз жобаларын қорғады. Бір тақырыпты шешудің әр түрлі нұсқаларын тыңдау қызықты болды, пікірталастар өткізді. Оқу тақырыбы өте өзекті, біз құралдарды меңгеруді үйрендік, барлық қажетті дағдылар мен көптеген ақпараттарға ие болдық. Бұрыннан Келісу комиссияларына қатысқан қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, бізде барлық артықшылықтар мен кемшіліктерді айтып, өте пайдалы мағлұматтар алдық. Тағы бір қуантқан жағдай, басқа департаменттердегі әріптестермен кездесуге, танысуға жақсы мүмкіндік болды.
Маған практикалық кейсті зерттеу ұнады. Оқу кезінде оқытушы мен біздің арамызда үнемі диалог болды. Оқу нәтижелі өтті,-деді 2-ЖЭО кадрлар бөлімінің бастығы Жадыра Солтанова.
Оқытуда жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін тұтас тәсілді ұстану өте маңызды, сондықтан «АлЭС» АҚ жыл сайын оқыту жүргізіледі. Биылғы жылы екі топта Келісу комиссиясының 35-тен астам мүшесі оқытылды.