АлЭС: Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысты.

 

2019 жылғы 10 қыркүйекте «АлЭС» мен Еуропалық Қайта Құру даму банкінің тең мүмкіндіктерін ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі» МКҚК-де дөңгелек үстел өтті.Гендер мәселелері жөніндегі аға ұлттық сарапшы Алия Ильясова үздік халықаралық тәжірибелермен бөлісіп, гендерлік теңдікті қолдау және Қазақстандағы тұрақты даму жолындағы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі стратегиялар мен саяси бағдарламалардың мысалдарын келтірді. Дөңгелек үстелге колледждің 40 оқытушысы қатысты, Қазақстандағы гендерлік теңдікті дамыту жөнінде пікірталас өтіп, көптеген сұрақтар қойылды.

«Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі» МКҚК ерлер үшін де, әйелдер үшін де тең мүмкіндіктерді ілгерілету бойынша бастаманы қолдайды. Мен шетелдік сапарларда тең мүмкіндіктер қағидасына сәйкес әрекеттерді жиі көремін. Жас оқытушыларға студенттермен жұмыс істеу кезінде тең мүмкіндіктер қағидасын ұстануға кеңес беремін,-деді директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Абильдинов Куатбек.

- Естеріңізге сала кетейік, тең мүмкіндіктерді ілгерілету жобасы 2018 жылдың маусымынан бастап жүзеге асырылып, 2019 жылдың қыркүйегінде аяқталады. Бұл жоба ЕҚДБ мен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Орнықты дамудың негізгі элементі ретінде гендерлік теңдік қағидаттарына бейімділігін, сондай-ақ әйелдер мен еркектерге тең мүмкіндіктер беретін компаниялардың неғұрлым табысты және үздік нәтижелерге қол жеткізетініне сенімін растайды.