Жұмакүнгі - Тимбилдинг

 

Бүгінгі күн «АлЭС»АҚ қаржылық блогы үшін ең қызықты көңілді және жағымды эмоцияларға толы болды. Біздің«беделді қаржы гуруларымыз» күні бойы әр түрлі спорттық жарыстар мен зияткерлік конкурстардан өткен қуанышты балаларға айналды.

 

- Тимбилдинг идеясы ұжымды ауызбіршілікке және қызметкерлердің міндеттерін бірлесіп шешу және ортақ мақсатқа жету дағдыларын қалыптастыру болып табылады,- деп атап өтті «АлЭС» АҚ бас бухгалтері Жанар Алтыбаева.

– Барлық конкурстар мен жарыстар білікті мамандардың көмегімен команда жеңіске бағытталған стратегияны қалыптастыра алатындай және команданың әр ойыншысы оның маңызды буыны болатындай іріктеліп, құрылды. Тимбилдингке бас кеңсенің және барлық өндірістік департаменттерінің қаржы блогынан 40 қызметкер қатысты.

Қызметкерлердің ойынға белсенді қатысуына қолайлы да, маңызды роль атқарған тимбилдинг өткізу орны - - «Бағанашыл» спорт кешені болды. Іс-шараның бірінші жартысын таза ауада, футбол алаңында керемет ауа-райында өткіздік. Іс-шара дәмді түскі астан кейін,таулар көрінісін тамашалап отыратын, жайлы конференц-залда жалғасты. Қатысушылардың бірлескен ойындардан алған эмоцияларын фотосуреттегі қуанышты жүздерінен көруге болады!