АлЭС: балаларға арналған мереке

 

 

«АлЭС» АҚ 2019 жылғы 29 тамызда жетінші жыл өткізіліп отырған компания жұмыскерлерінің балаларының суреттерінің байқауының қорытындысы шығарылды.Байқауға гуашь, акварель және аралас техникамен орындалған 94 сурет қатысты. Шығармашылық жұмыстар үш тақырыпқа бөлінеді: «Әкем, анам, мен – бақытты отбасы» (3-7 жас), «Болашақ энергиясы» (8-12 жас), «Менің Отаным – Қазақстаным» (13-16 жас).

 

- Шілде айында балалардың үздік жұмыстары «Самұрық-Энерго жергілікті кәсіподақ» ҚБ конкурстық комиссиясының қарауына жіберілді»,-деп атап өтті «Энергия» жергілікті кәсіподақ Төрағасының орынбасары Валерий Ситдиков. –Біз балаларымыздың жұмыстары «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің балалары арасындағы суреттерінің байқауында «МеніңОтаным – Қазақстаным» номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болғанына шын жүректен қуаныштымыз. Бірінші орынды Қапшағай ГЭС химиялық талдау зертханашысы, Инесса Ланкина қызы Маргарита Ланкина (16 жас), үшінші орынды 1-ЖЭО Жөндеу қызметінің жетекші инженері Динара Жакупованың қызы Арвида Мамирова (13 жас) иеленді. Эдуард Чудаков (10 жас), Каскад ГЭС ДТБҚ тобының бастығы Юрий Чудаковтың ұлы – «Болашақ энергиясы» номинациясында үшінші орынға ие болды. Балалар «Самұрық-Энерго» АҚ дипломдары мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

 

- Біз жыл сайын осы байқауға қуана қатысамыз.Өткен жылы менің жұмысым бірінші орынға ие болды. Биылғы жылы «АлЭС» АҚ-дағы байқаудың қорытындысын шығаруда біз ата-аналарымызға және барша «АлЭС» АҚ-ның компанияға тілектер жаздық, ағаштарды безендірдік. Бізге иттердің қатысуымен шоу көрсетілді. Өте қызықты және көңілді болды, - деп өз әсерімен бөлісті Дарья Кулинич (14 жас), 2-ЖЭОсорғы қондырғыларының машинисі Наталья Кулиничтің қызы.

 

 

 

 

 

 

 

«АлЭС» АҚ-ғы балалар суретінің конкурсына қатысқан барлық балалар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.