АЛЭС «Макулатура тапсыр – ағашты құтқар!» экологиялық акциясын бастайды

«Алматы электр станциялары» АҚ қызметкерлері 2019 жылғы 29 тамызда басталатын «Макулатура тапсыр – ағашты құтқар!» атты экологиялық акцияға қатысады.

- Бұл акцияның маңыздылығы адамзатқа орасан зор, себебі келер ұрпаққа қалдырар мұра, яғни өмір жалғасы. Негұрлым ағаш көп болса, соғұрлым ауа да таза болатыны бізге мәлім. Макулатураны тапсыру - қайталама ресурстар болып табылатын қалдықтардың қоршаған ортаға түсуінің алдын алу және оларды шаруашылық айналымға тарту, экологиялық мәдениет пен ағартушылықты қалыптастыру, қоршаған ортаны жақсарту және есеп жүргізудің компьютерлік тәсілдерін танымал етуге қарамастан кәсіпорында тазалықты қолдау болып табылады, - деді экология қызметінің бастығы Арзюкова Зоя.

Экологиялық челлендж 2019 жылдың 29 тамыз бен 23 қыркүйек аралығында өтеді.