2019 жылдың тамыз айында энергетиктердің «Эдельвейс» жазғы сауықтыру лагерінің балаларымен қорытынды кездесу өтті. 80 бала Гошу тренажері мен химия сиқырын қызыға күтті

2019 жылдың тамыз айында энергетиктердің «Эдельвейс» жазғы сауықтыру лагерінің балаларымен қорытынды кездесу өтті. 80 бала Гошу тренажері мен химия сиқырын қызыға күтті.

Балалар алдында бірінші болып химия цехының жұмысшылары инженер-технолог Айдана Құлжабай және химиялық су тазалау аппаратшысы Дана Құлпеис «Химия сиқыры» шоуымен өнер көрсетті.

- Көптеген жерлерде, әңгіме барысында химик екеніңді білсе, «мектеп кезінен химияны жек көремін»,- дей бастайды. Негізі химия-қызықты және өте күрделі ғылым. Ол бізге бір элементтердің атомдарынан әртүрлі қасиеттері бар заттар пайда болатынын айтады. Химия – біздің өміріміз!,-деп бастады Айдана Құлжабай. - Балалармен кездесу барысында, біз «химия дегеніміз не?» деген сұраққа, балалардың жауаптарын таң қалдырды, өйткені әркім өзінің ойымен «өзінше» дұрыс жауап берді. «Ғылым немесе сиқыр?» деген сұраққа, біз көптеген жауаптарды естідік, балаларға өздерін «химик» және «сиқыршылар» болып сезінуіне мүмкіндік бердік.

Сахнаға балалар шақырылып «химиялық шоу» басталды. Әрине, химиялық эксперименттерді орындау кезінде қауіпсіздік техникасының барлық ережелері мен өрт қауіпсіздігі ережелері сақталды.

- Бірінші эксперимент «Кемпірқосақ» деп аталды, ол түрлі реагенттер арқылы түстің өзгеруін көрсетті. Бала су құйылған шыныға «сиқырлы эликсир» қосып, «Абракадабра» деген сиқырлы сөздер айтты және тағы да «сиқырлы эликсир» қосты. Нәтижесінде біз ерітінділердің түрлі түстерін алдық, - деп жалғастырды Айдана Құлжабай.

- Тағы да мультфильм кейіпкерлерінің әйгілі, сиқырлы сөздері айтылып еді, түстер көз алдымызда өзгерді! Балалар бір жағынан мәз, бір жағынан «қалай?» деп аң-таң бола бастады.

Келесі экспериментте, заттар әрекеттесіп көбік түрінде аэрозоль құрады. Көбік көп көлемде, иісі де керемет, балақандар мәз болды.

- Бір экспериментті орындап жатқанда, «бірдеңе бүлдіргенді қатты жақсы көрем!» деп қайталаған Артур есімді баланың айтқан сөздері есімізде қалды. Балалардың қуанышы теңіздей болды!,-деп бөлісті Дана Құлпеис.

- Үшінші эксперимент сұйықтықтардың әртүрлі тығыздықтарымен өзара әрекеттесуіне арналды. «Тығыздық дегеніміз не?» деген сұраққа көптеген күлкілі жауаптар алдық. Соның бірі, «тығыздық дегеніміз-тыыыығыыыз болса» дегенде, жай жымиып, балалардың өздеріне тәжірибе арқылы көз жеткізуіне мүмкіндік бердік. Шыныға су, содан кейін май құйылды. Олардың араласпағанын көріп, сиқырлы сөздер айтылып, содан кейін үстіне «тас» қосып, нәтижесінде, еріген мыңдаған шариктерді көрдік. Сиқыр деген осы дегендей, балалар аузын аша қарауда.

Төртінші эксперимент температураның әсерінен заттың түрленуіне арналды. Залдан «Малифисента» атты сүйікті филмы бар жас қыз бала шықты. Ол «жана бер,жана бер» деген сөздермен зат ұнтағын алып, плиткаға төкті. Ол өзін сол кейіпкердей сезінді! Бұл сөздерді айтқан сайын плитканың бетінде тұтас «орман» пайда бола бастады. Сиқыр көз алдында!

Бесінші эксперименттің атауы «от». Эксперимент басталар бұрын, от пен өрт жайында қысқаша дәріс оқылды.

- Біз бұл тәжірибені өзіміз өткіздік,-деді Дана Құлпеис. - Химия соншалықты таңқаларлық нәрсе, бір затты басқалармен араластыра отырып, отты жасауға болады. Тез арада жана бастады! Жалын жарқын қызғылт түсті болды. Бұл өте әдемі және сиқырлы көрініс! Содан кейін біз балаларға «химиялық от», яғни химиялық заттар жанғанда, оларды арнайы өрт сөндіргіштермен сөндіру керек және сумен сөндіруге болмайтынын айтып бердік. Балаларға өз қолымен жасалған «өрт сөндіргіш» берілді және олар өздері отты сөндірді! Барлығы қызықты болды!

Келесі сөз кезегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметінің бастығы Александр Чукалин мен техникалық инспектор Ирина Межевскаяға берілді. Күнделікті өмірдегі қауіпсіздік техникасы ережелері әрдайым сақталу қажеттігі туралы, балаларға күнделікті өмірде кездестіруге болатын «тыйым салу белгілері» туралы айтылды. Әр белгіні көрсете отырып, балалардан «бұл белгіні нені білдіреді, қалай ойлайсыз?» деген сұрақтар қойып отырылды. Жауаптар көп болды, ең бастысы барлығы дұрыс, тек жас шамасына қарай жеткізе білді. Гоша тренажерін үстелге қойған кезде, балалардың таң қалғанын көрсеңіз. Александр Чукалин зардап шеккенге, алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті қалай дұрыс көрсету керектігін түсіндірді, одан кейін әрбір бала кезекпен өз қолдарымен мұны жасауға тырысты, сонымен 80 балаға кезекке

Балалармен кездесу тең мүмкіндіктерді ілгерілету жобасы аясында өтті. Үшінші маусымда кездесуге 30 қыз және 50 ұл бала қатысты. «Энергетикада кім жұмыс істей алады?» деген сұраққа, балалар энергетика барлығына ашық деп жауап берді. Көптеген қыз балалар энергетика саласында жұмыс істеуге ниет білдірді.

Келесі жазғы маусымда «Эдельвейс» балалар үшін энергетика мамандығы туралы қызықты іс-шаралар өткізу жоспарлап отыр.