АлЭС: «Жас Өркен» жобасының қатысушысы ротациядан 1-ЖЭО-ға өтті

2019 жылғы тамыз айында Данияр Жүнісов «Алматы электр станциялары» АҚ 1-ЖЭО-да өзінің алғашқы ротациясын «Жас Өркен 2019» жобасы бойынша бастап, ірі өндірісте терең білім мен үлкен тәжірибе алады.

Данияр 1996 жылы 12 тамызда Щучинск қаласында дүниеге келген. №1 орта-гимназиясында орта білім алған. Оқумен қатар, биатлон, бокс үйірмелерін қатар алып жүрген. Жоғарғы сыныптарда Данияр мамандық таңдау уақыты келгенде, біраз қиналғанын айтты. «EXPO 2017» халықаралық көрмесінен кейін, ол болашақ энергетиканың дамуында тұрғанын түсініп, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне «Электр энергетикасы» мамандығына оқуға түседі.

- Университетте оқып жүріп, жыл сайын менің мамандығыма деген қызығушылығым арта түсті, - деді Данияр. - Үшінші курста мен «BI-Group» құрылыс компаниясына іріктеуден өттім. Университетте біз теориялық білім және практикалық тәжірибе алдық. Мен өзіме әрі қарай дамуды, жаңа жұмыс қызметін игеруге бел будым.

Университетті тамамдаған соң, Данияр «Астана-РЭК» АҚ аймақтық электржелілік компаниясына жұмысқа орналасты, онда қосалқы станцияларға қызмет көрсету бойынша электромонтер қатарын толықтырды. Жарты жыл жұмыс істеп, ол «Жас Өркен» бағдарламасы туралы естиді.

- Бұл бағлама туралы мен кездейсоқ білдім. Әлеуметтік желілерден жарнама көрдім. Бағдарламамен танысқаннан кейін, түсінгенім- менің іздегенім де осы, яғни өз-өзіме деген сенімділігімді дәлелдеуге берген мүмкіндік деп қабылдадым. «Жас Өркен» бағдарламасының мақсаты- «Самұрық-Қазына» Қорының компанияларында жұмысқа орналасу үшін үздік және дарынды түлектерді тарту және дайындау. Жеңімпаздар тізіміне кіру үшін мен 4 кезеңнен өттім. Олар: 1-тур: уәждемелі эссе; 2-тур: санмен берілген, ақпаратпен берілген жұмыс істеу қабілетін анықтау; 3-тур: құзыреттіліктеріне қатысты сұхбат; 4-тур: байқау комиссиясы.

Менің бірінші ротациядан өту орным «АлЭС» АҚ компаниясы болды. Тәлімгерім Аймұратов Дінмұхамед Бурамбайұлы, 1-ЖЭО электр цехының бастығы. Тәлімгерлер-бүкіл жобаның ең негізі. Жастарға қолдау көрсету, оларға іске, мамандыққа, елге деген дұрыс қарым - қатынасты қалыптастыруға көмектесу-бұл табыс негізі болып табылады. Бұл көп қырлы және жүйелі еңбек. Дінмұхамед Аймұратов «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінде «Тиімді тәлімгер» семинарында оқыды, 1-ЖЭО он төрт жыл жұмыс істейді, өз білімі мен тәжірибесімен жас мамандармен бөлісуде. Ол радиациялық материалтану мамандығы бойынша PhD докторлық диссертациясын қорғаған. Магистратурада оқу кезінде Шанхай қ. (Қытай) мемлекеттік университетінде композициялық материалдардың механикалық және электрлік қасиеттерін зерттеу бойынша тағылымдамадан өткен. 10 - ға жуық ғылыми еңбектері бар, ҚР ядролық физика институтында жарық көрген, Венгрияда, Ресейде және Қазақстанда халықаралық конференцияларға және 4 ғылыми-зерттеу жобаларына қатысқан. Дінмұхамед Бурамбайұлы тәлімгер ретінде әрдайым көмектесуге, түсіндіруге дайын.

- Мен қазірдің өзінде үлкен өндіріс ерекшелігімен танысып үлгердім. Қаланың тыныс-тіршілігіне тікелей байланысты компания жайлы, менде көбірек ақпарат алуға ұмтылыс пайда болды. Ротацияның бірінші кезеңінде өндіріспен танысып, біліктілік емтиханын тапсырып, «4-разрядтағы электр жабдығына қызмет көрсететін электромонтер» лауазымы жұмысына кірісуім қажет. Ротация барысында мен «электр цехының электр станциялары цехының ауысым бастығы» лауазымын алу үшін біліктілік дағдыларын арттырамын. Алғашқы екі апта тез арада өтті. Мен өндіріспен ішінара танысып, ұжыммен танысуға үлгердім.

Ұжым мені өте жақсы қарсы алды, әріптестерім әрдайым көмекке келіп, өздерінің білімі мен тәжірибесімен бөлісуге дайын. «АлЭС» АҚ компаниясындағы ротациядан өтуім менің дамуыма, «Самұрық-Қазына» Қорының компанияларындағы менеджер ретінде үлкен үлес қосатынына сенімдімін. 1-ЖЭО сынақ мерзімінің ұзақтығы- 5 ай, барлық бағдарлама -20 айға есептелген. «Жас Өркен» жас мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламасы «Самұрық-Қазына» Қорының компанияларында жұмыс істеу үшін үздік және дарынды түлектерді тартады. Бұл тек жұмыс орнында оқыту ғана емес, сонымен қатар кәсіби көзқарасы мен белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдардың неғұрлым кең, жас буынын дамыту және жылжыту құралы. 2019 жылы «Жас Өркен 2019» бағдарламасына қатысуға 4,5 мыңға жуық өтініш түсті.