Үздіксіз жетілдіруге жол ашу

2019 жылғы шілде-тамыз айларында «АлЭС» АҚ-да «Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғауды басқару жүйесі» семинары өтті. Семинардың негізгі мақсаты өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды басқару жүйесіне инженерлік-техникалық қызметкерлердің кең ауқымын тарту болып табылады. Семинарлар 1-ЖЭО және Каскад ГЭС-те өткізілді. Семинарға қатысушылар-цех, учаске, қызмет бастықтары, департаменттердің өндірістік қызметкерлері.

- Біз еңбекті қорғауды басқару жүйесінің мәселелеріне баса назар аудардық, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын бұзуына әкеп соғатын себептерді және оларды басқару әдістерін қарастырудамыз, - деп бөлісті Сенімділікті бақылау және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Марат Ақылбай. - Компанияда еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесінің құрамымен, құрылымымен, ұйымдастырылуымен және жұмыс істеу тәртібімен, барлық Басшылардың, мамандардың және жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша жауапкершілігімен, еңбек қызметі барысында қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтаумен таныстық.

Семинарларда қызметкерлердің өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбектіқорғау талаптарын бұзуына әкелетін негізгі факторлар қарастырылды, бұзушылықтардың түрлері мен себептері талқыланып, бұзушылықтарды басқару әдістері және бұзылу себептерін жоюы жолдары қарастырылды.

Семинарлар «2019 жылға арналған еңбекті қорғау жүйесіне тарту үшін «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттерінің инженерлік-техникалық қызметкерлерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес, кесте бойынша барлық өндірістік департаменттерде өтеді.