АлЭС: Мінез-құлық кодексі бойынша тестілеу

«АлЭС» АҚ-да қызметкерлерді компанияның мінез-құлық кодексі бойынша білімін тестілеу басталды. Тестілеуден «АлЭС» АҚ басшыларын қоса алғанда, барлық қызметкерлер өтеді, бұл 3090 адам. Тестілеу 2019 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады. Бүгінгі таңда компания қызметкерлерінің 50% - дан астамы тестілеуден сәтті өтті.

«АлЭС» АҚ-да қызметкерлердің мінез-құлық стандарты қолданылады. Әрбір қызметкер лауазымына қарамастан, жұмысқа қабылдау барысында, осы кодекспен танысады. Бұл кодекс 2018 жылы қабылданды.

Қызметкерлерді Кодексті игеру үшін, әдістемелік құрал әзірленді. 2019 жылы этикалық рәсімдер мен қағидалар саласында, дағдылар мен құзыреттерді дамыту бойынша оқыту бағдарламасы қосымша әзірленді.

Мінез-құлық кодексін білу бойынша тестілеу жыл сайын өткізіледі.

Кодекстің міндеттері этикалық және іскерлік нормаларды сақтау ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, корпоративтік мәдениетті дамыту, Еңбек өнімділігі мен сапасын арттыру болып табылады. Кодексте ұжым бірыңғай стандартқа сүйене отырып, жалпы ұсыныстар сипатталған.