«АлЭС» АҚ «Мектепке жол» акциясына қосылды.

2019 жылы 16 тамызда «Мектепке жол» акциясы аясында «АлЭС» АҚ жұмыскерлері, «Нұр Отан» партиясының бастауыш партия ұйымының мүшелері В. Ситдиков, Ф. Ботақараева, Қ. Рашидұлы, Е. Бекбосынов 6-17 жас аралығындағы жиырма балаға қайырымдылық көмек көрсетті. Барлық аз қамтылған отбасынан шыққан балалар Алматы қаласының Әуезов ауданында тұрады және оқиды. Он бала - № 113 мектеп-гимназиясының оқушылары.

- Балаларға кеңсе заттары бар мектеп сөмкелері — дәптерлер, күнделіктер, сурет салуға арналған альбомдар, қаламдар, фломастерлер табыс етілді, – дейді «АлЭС»АҚ бастауыш партия ұйымының хатшысы Валерий Ситдиков.

«Мектепке жол» акциясы Қазақстанда 2008 жылдан бастап Елбасының бастамасымен өткізіледі. 2019 жылы «Мектепке жол» акциясы «Жүректен жүрекке!» ұранымен өтеді.