Біздің басымдылығымыз - еңбекті қорғау және қауіпсіздік

«АлЭС» АҚ 2019 жылы 15 тамызда «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы. Өндірістік кеңес. Техникалық инспектордың негізгі функциялары» атты семинар-тренинг өтті.

Тренингке «Алматы электр станциялары кәсіподақтары» ҚБ филиалының бастауыш ұйымдарының, «Серіктес», «Энергия», «АлматыЭнергоСбыт», «Мойнақ ГЭС» Жергілікті кәсіподақтарының техникалық инспекторлары мен кәсіподақ көшбасшылары қатысты.

Семинарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өндірістік қауіпсіздік саласындағы еңбек заңнамасының мәселелері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің жұмысын ұйымдастыру және техникалық инспектордың негізгі функциялары талқыланды.

- Еңбек және кәсіподақ құқығы жөніндегі тәжірибелі сарапшы Пересунько Альфия Каримовна, жұмыс ұжымы мүшелерінің жұмыс беруші мен заң алдындағы құқықтарын қалай қорғау керектігін, өндірісте қандай сақтандыру сәттері пайда болатынын нақты мысалдармен, жеткілікті түрде түсіндірді,-деп «Энергожөндеу» ӨЖК электр жабдықтарын жөндеу бойынша аға шебері Александр Ерилов, өзінің алған әсерлерімен бөлісті. Семинарда энергетикалық компаниялардағы қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқық қорғау саласындағы кәсіподақтардың рөлі орасан зор екендігін атап өтті.

«Энергия» Жергілікті кәсіподақ Төрағасының орынбасары Валерий Ситдиков қатысушыларды Республикалық конкурстардың жеңімпазы, соның ішінде «Парыз-2015», «Алматы электр станциялары» АҚ-ның қолданыстағы ұжымдық шарттың ережелерімен таныстырды.

Семинар соңында барлық қатысушылар ҚР Кәсіподақтары Федерациясының оқу орталығы дайындаған оқудан өткені туралы сертификаттар мен үлестірме материалдар ие болды.