Рахмет саған « Туған елге саяхат»!

2019 жылғы шілдеде «Туған елге саяхат» балалар поезының екінші экскурсиялық туры ұйымдастырылды. Жобаның басты мақсаты-балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттыру, еліміздің тарихи және архитектуралық ескерткіштерін зерттеу, Отан сүйгіштікке және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Балалар біздің Республикамыздың бес көркем қаласында болды. Жас саяхатшылар қатарында «АлЭС» АҚ жұмыскерлерінің балалары да болды. Олар жобаға өз жетістіктерінің арқасында қатысады: оқу озаты Әйгерім Нұрмұханбет (13 жаста, Бердігүл Шаргынованың қызы, 2-ЖЭО химцех жөндеушісі слесарь), Алматы қаласындағы 12 жастағы балалар арасындағы «Тоғыз құмалақ» бойынша чемпион, математикалық олимпиадалардың жүлдегері Болат Еркебұлан (13 жаста, Арайлым Айдаболованың ұлы, 1-ЖЭО кадрлар бөлімінің бастығы) және «Дарын» РҒТО зияткерлік марафонының жүлдегері, «Балалар зияткерлік клубы» жобасының жүлдегері Даниел Байдалы (11 жаста, Ерлан Мамырбектің ұлы, ТЖЦ машинисті 3-ЖЭО).

- Мен «Туған елге саяхат» жобасының мүшесі болғаныма қатты қуанамын. Себебі, керемет қалаларды, жаңа достарды кездестірдім. Біз әсем қала – Астанаға, көне қала – Таразға, жер кіндігі – Байқоңырға, арман қала – Алматығы және Балқашқа бардық. Осы 10 күнімді керемет өткізген «Туған елге саяхат» жобасына алғыс айтамын, - деп қуанышымен бөлісіті Нұрмұханбет Айгерім.

Болат Еркебулан саяхаттан алған әсерімен бөлісті:

Менің арманымда Қазақстанның әдемі тарихи қалаларын көру болды. «Жаужүрек» ең үздік отрядына түскеніме қуаныштымын. Ал біздің тәрбиешілер Динара Маратқызы мен Газым болды, оларға үлкен рахмет. Менғарышқа арналған жел энергиясы EXPO-2017 залын көргенде, таң қалдым. Маған Назарбаев Университеті өте ұнады. Бұл жай ғана жоғары оқу орны емес,керемет жер, студенттердің өмірі қызыққа толы, тіпті Олимпиадалық бассейні мен үлкен демалыс залы бар, спорт блогы бар. Қазір мен НЗМ-де оқимын,енді менің жаңа мақсатым – Назарбаев Университетіне түсу.Байқоңырда біз Қорқыт Ата атындағы мұражайда және болашақ ғарышкерлерді оқытатын мектепте болып, мемориалдар мен ескерткіш орындарды аралап, Байқоңырдың тарихын біліп, зымыранды іске қосып, скафандрды көрдік.

Келесі күні біз екі мың жылдық тарихы бар Қазақстанның ең ескі қаласы Таразда болдық. Біз Қазақстанның Тұңғыш Президенті атындағы саябақта болдық. Жол бойы пойызда сурет салдық, конкурстар өткіздік, дойбы мен шахмат ойнадық. Нұр-Сұлтанда қорытынды концерт болды, онда біз флешмоб би биледік. Бұл жарысқа біз барлық бос уақытымызды дайындықпен өткізіп, қатты қобалжыдық.Біздің сапарымыз тез аяқталды. Біздің саяхатымызды көрген әрбір оқушының жаңа арманы – бұл «Туған елге саяхат» балалар лагерінің құрамына кіру екеніне сенімдімін.

- Біз Қазақстанның бес қаласында болдық. Қасиетті жерлерге бардық. «Аата-бабаларымыздың кесенесінде» болдық, Байқоңырда қазақстандық алғашқы ғарышкер Т. Әубәкіровтың жетістіктерімен жақынырақ таныстық.

 Балқаш көлінде шомылдық. Сапарда менде көптеген достар пайда болды. Бұл сапар менің ой-өрісімді кеңейтті. Мен көптеген қызықты және пайдалы нәрселерді үйрендім. Туған өлкеге саяхат, менің елім үшін мақтаныш сезімін тудырады. Біз өте әдемі елде өмір сүреміз.. Бізде туристер қызығатындай, кермет жерлеріміз көп. Менің анам мен әкем «АлЭС» АҚ-ға және осындай қызықты экскурсияны ұйымдастырушыларға өте риза.

Естеріңізге сала кетейік, «Туған елге саяхат» балалар экскурсиялық пойызы жобасын Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына"» АҚ компаниялар тобының атынан жүзеге асыруда. 200-ден астам бала «Туған елге саяхат» туристік поезының екінші турында болды.